"Қатысым жоқ". Зағипа Балиева Мейрамбек Бесбаевтың айыптарына жауап берді

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева әнші Мейрамбек Бесбаев таққан айыптарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева әнші Мейрамбек Бесбаев таққан айыптарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мейрамбекпен сөйлестім. Ештеңе білмеймін, қатысым жоқ. Күні бойы телефон соқтым, тұтқаны көтермеді. Кейін әлеуметтік желіде сөйлестік. "Неге жала жабасың? Бір нәрсе істеп жатқанымды қайдан көрдің? Құжаттардың бәрін көріп алып, маған телефон соқпайсың ба?" дедім. Енді келістік, ол ертең құжаттардың бәрін қарайды, анықтап алады, қажет болса, сосын тағы бір пост жазады", - деді Зағипа Балиева.

Бұған дейін Қазақстан орындаушылар одағының жаңа сайланған төрағасы Мейрамбек Бесбаев бұрынғы басшылықтың қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын жазған еді. Сонда әнші Мәжіліс депутатын қысым көрсетіп жатыр деп айыптаған болатын.

Реклама
Реклама

Даудың бәрі Қазақстан орындаушылар одағының әншілерге тиісті қаламақысын бермеуінен басталған еді.

Tengrinews
Вопрос от автора
news26
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама