Қазақстан мобиль интернет бойынша ең арзан мемлекеттердің тізімінде - министр

Қазақстан - мобиль интернет бойынша ең арзан мемлекет. Бұл туралы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан - мобиль интернет бойынша ең арзан мемлекет. Бұл туралы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мобиль тарифтер әлдеқайда арзан және сапасы да басқа.

"Бүгінде ұялы байланыс операторларының тарифтері арзандады. Біз әлемдегі мобиль интернет бойынша ең арзан мемлекетпіз, тізімде үшінші болып тұрмыз. Қызметтерімізді де осы тарифтер бойынша ұсынамыз. Сол тарифтерді сақтаймыз", - деді Жұмағалиев Үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, министр мобиль интернет желісін жетілдіру мақсатында спутниктік технологиясының да қолданылып жатқанын айтып өтті.

"Спутниктік технологиясы да кеңінен қолданылып жатыр. Кейбір өңірлерге 3G, 4G енгізу мүмкін болмай жатыр. Сол елді мекендерге осы спутниктік технологияны пайдаланамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені әкімдіктегілермен талқылаймыз", - деді цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының жүзеге асуы, халық саны 250 адам болатын елді мекендерді интернетпен қамту мәселелері талқыланды.

Tengrinews
Вопрос от автора
news12
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама