ПОДЕЛИТЬСЯ
18 ноября 2020 | 15:45
"Рақымшылық жасалмайды". Қазақстанда педофилдердің жазасын қатаңдату ұсынылды
Кәмелетке толмағандарға зорлық жасағандарға рақымшылық жасалмайды, олар мерзімінен бұрын босатылмайды. Жаза қатаңдатылады. Педофилдерді қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде ұстау керек. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова педофилдерді жазалауға қатысты заңға түзету енгізу туралы осындай ұсынысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кәмелетке толмағандарға зорлық жасағандарға рақымшылық жасалмайды, олар мерзімінен бұрын босатылмайды. Жаза қатаңдатылады. Педофилдерді қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде ұстау керек. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова педофилдерді жазалауға қатысты заңға түзету енгізу туралы осындай ұсынысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жалпыұлттық жоспардың 64-тармағы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар үшін жазаны қатаңдату қарастырылған. Осы тармақ бойынша қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстерге бас бостандығынан айырылу орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы заңына заңнамалық түзетулердің кешені әзірленді", - деді төрайым депутаттарға.
Түзетулер мына тапсырмаларды іске асыруға бағытталған:
Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар үшін жазаны қатаңдату;
Педофилдерді қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде ұстауды белгілеу;
Оларға рақымшылық жасауды және мерзімінен босатуды болдырмау;
Әзірленген түзетулерде мына ережелер бар:
Қылмыстық кодексте:
Біріншіден, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстарды жасау үшін санкциялар күшейтілді;
Екіншіден, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған қылмыстардың шеңбері кеңейтілді. Сонымен қатар, жасалу үшін белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу, қолданылатын кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқықбұзышылықтарды шеңбері де кеңейтілді;
Үшіншіден, кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін бас бостандығынан айырылуға сотталған адамдарды Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа қауіпсіз мекемелерінде бас бостандығынан айырылуды өтеуді тағайындауға тікелей тыйым салынды және қылмыстар субъектілерінің бас бостандығынан айыруды қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде өтеуді тағайындау туралы талап көзделді.
Төртіншіден, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар туралы істер бойынша мынадай: қылмыстық құқықбұзушылық үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындалған, жазаның өтелмеген мерзімін қысқартуға, рақымшылық жасау туралы актіні қолдануға тыйым салынды.
Бесіншіден, соттың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын айқындау кезінде химиялық кастрациялаумен қатар сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділікті және сексуалдық ұнатудың бұзушылықтарын емдеуді тағайындауға құқығы көзделген. Түзету педофилдерге қатысты тән, сондай-ақ психиканың заңында медициналық ықпал етуді көрсетуге кешенді тәсілдердің мүмкіндіктерін қамтыған. Бостандығынан айырылу орнынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы заңына кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін жазаны өтеген адамдарға әкімшілік қадағалаудың мерзімі соттылықты өтеу мерзіміне дейін арттырылды.
Депутаттар заң жобасына түзетулер енгізуді заң жобасының бірінші оқылымында мақұлдады.
Еске салайық, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар заң жобасы қаралды. Оның ішінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также