ПОДЕЛИТЬСЯ
23 декабря 2020 | 12:08
"Рұқсат алмаған". Әкімдік жүк көлігінің бортында отырған жұмысшыларға қатысты пікір білдірді
Таразда жүк көлігінің бортына жұмысшылар рұқсатсыз отырған. Бұл туралы Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таразда жүк көлігінің бортына жұмысшылар рұқсатсыз отырған. Бұл туралы Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, жұмысшылар жүк көлігін жеке шаруасы үшін пайдаланған, бұл үшін басшылықтан рұқсат алмаған екен.
"Бейнежазбада түсірілген адамдар Тараз қаласының №5 аумақтық округінің қоғамдық жұмысшылары, олар "Жасыл Ел-Тараз" ЖШС-на жатпайтынын хабарлаймыз. Қызметкерлер жеке шаруалары үшін жүк көлігін пайдаланған. Олар мұндай шешім шығарарда рұқсат алмаған. Шынында да, қалалық көше тазалаушыларды жүк көлігінің шанағында тасымалдау - өрескел қате, сонымен қатар бұл жұмысшылардың құқығы мен жол ережелерін бұзу", - деді әкімдіктегілер.
Ведомство баспасөз қызметіндегілер әкімдік жұмысшыларды осылай тасымалдайды деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін желіде жүк көлігінің бортында отырған жұмысшылардың видеосы тараған еді.
Кейін Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылғанын айтқан болатын.
"ЗИЛ 130 ММЗ" маркалы автокөлігінің жүргізушісін таптық. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлімі бойынша ("Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау") әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деген еді полиция өкілі.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также