ПОДЕЛИТЬСЯ
17 апреля 2019 | 11:25
Сабақтан қалған баланың ата-анасы ғана емес, мұғалім де жауапқа тартылады - Заңгер
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде баласы сабақтан себепсіз қалған ата-анаға айыппұл салынатыны жайлы хабарламалар тарап, қызу талқыланған болатын. Осыдан 2-3 ай бұрын министрлік өкілдері мұның расталмаған мәлімет екенін айтқан еді, алайда таяуда еліміздің білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева сабақтан себепсіз қалған оқушының ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде баласы сабақтан себепсіз қалған ата-анаға айыппұл салынатыны жайлы хабарламалар тарап, қызу талқыланған болатын. Осыдан 2-3 ай бұрын министрлік өкілдері мұның расталмаған мәлімет екенін айтқан еді, алайда таяуда еліміздің білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева сабақтан себепсіз қалған оқушының ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабына сәйкес ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау") 7 АЕК көлемінде (17 675 теңге) айыппұл қарастырылған.
Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі JusticeConsensus агенттігінің директоры, заңгер Азамат Бурхановтан бұл жағдайда ата-ананы жауапкершілікке тарту қаншалықты заңды екенін және Заңда ата-аналар мен педагогтарға қатысты мұндай норманың бар-жоғын анықтап білді.
Заңгердің айтуынша, вице-министр бұл жағдайда бір жайтты ескермеген. Заңгер баланың сабақтан қалуына тек ата-ана емес, мұғалім де жауап беретінін айтады.
"Мұнда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының үш бөліктен тұратынын ескеру керек. Алғашқы екі бөлігінде ата-ананың жауапкершілікке тартылатыны айтылады, ал бірақ дәл осы баптың 3-бөлігінде бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған педагогтардың да 20 АЕК көлемінде айыппұл (48 100 теңге) төлеуге міндеттелетіні немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатыны айтылады", - дейді заңгер.
© orinfo.ru
Бурхановтың айтуынша, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия өкілдері мен прокуратурадағыларға жағдайдың мән-жайын анықтауға тура келеді. Олар баланың сабаққа бармауына кімнің себепші екенін білуі керек - ата-анасы ма әлде педагогтар ма?
"Әдетте ата-аналар таңертеннен кешке дейін жұмыста болады, сондықтан бала уақытының басым бөлігін мектепте өткізеді. Мұғалімдер балаға қажетті назар аудармаса немесе оларды тәрбиелеу мәселесіне қатысты біліксіздік танытса, бала мұндай жағдайда мектептен қаша бастайды. Осыған байланысты неге тек ата-ана жауапкершілікке тартылуы керек деген сұрақ пайда болады? Расында мұнда мұалімдердің де кінәсін көруге болады. Бірақ бізде, өкінішке қарай, ата-аналар кінәсі болмаса да, баласы үшін түсініксіз айыппұлдарды төлеп жатады", - дейді Бурханов.
Заңгер ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылдың 6 қазанындағы № 7 норматив қаулысына сүйене отырып, педагогтардың да ата-ана секілді жауапқа тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті екенін айтады.
"Білім туралы заңда" да осындай қаулы бар. Заңның 51-бабында педагог қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері көрсетілген, ал 3-бөлігінде "білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге" міндетті екені айтылады, яғни, мұғалім баланың білім алуынан бөлек, оны тәрбиелеу бойынша өтетін процестерді де бақылауы тиіс. Яғни бала сабақтан себепсіз қалса, ал ата-ана ол жайлы білмесе, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, мұғалім жауапкершілікке тартылады", - дейді маман.
Бурханов министрліктің бұл ұсынысы көп сұрақ туғызатынын айтады. Заңгердің айтуынша, баланың тәрбиесіне қатысты проблемаға ата-ана да, мұғалім де жауапты.
Айта кетейік, мәселен Германияда сабақтан себепсіз қалуға тыйым салынған. Тіпті онда әуежай қызметкерлері ата-анасы баласымен бірге демалуға кетіп бара жатқан жағдайда баланың каникулға қашан шыққанын анықтап сұрайды екен. Онда бала сабақтан бір күн қалса айыппұл сомасы - 80 еуро, ал кейбір қалаларда 155 еуроға дейін жетеді екен. Мұның барлығын ата-ана ғана төлейді.
Ал Ұлыбританияда баланың сабаққа қатысу көрсеткіші 70 пайыздан төмен баласы, баланың ата-анасына немесе ресми өкіліне ресми хат келеді, ол жағдай дұрысталмаса жергілікті басқармадағылар айыппұл міндеттейді. Айыппұл сомасы 400 еуроға дейін барады. Бірақ ол айыппұл сомасы төленбесе, бұл іс сотқа жететінін айтылады. Тіпті анасы үш айға дейін абақтыға қамалуы мүмкін. Ал Ресейде 8400 теңге айыппұл қарастырылған.
Показать комментарии
Читайте также