Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 июня 2018 19:24

Сағынтаев Елбасының тапсырмасымен Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді, - деп хабарлайды primeminister.kz.


Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді, - деп хабарлайды primeminister.kz.

Премьер-министрдің өңірге Президенттің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік", "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдаулары мен "Бес әлеуметтік бастамасының" іске асырылу барысымен танысу үшін келгені айтылады. 

Сағынтаев өңірге келгеннен кейін "Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканың индустриялық-технологиялық паркінде болды. ҚАИК жұмысының мысалында премьер-министр өңірде Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ облыстың кәсіпорындарында цифрлық технологиялар мен Индустрия 4.0 элементтерін енгізу шараларымен танысты.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, Ақмола облысындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі осы жылдың қаңтар-мамыр айларында 244,8 миллиард теңге, НКИ өнімдері - 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,8 пайыз болған. Жалпы сегіз жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында 79 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 7,9 мың жұмыс орны ашылды. 2018 жылы 53,4 млрд теңге сомасына 1330 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашумен алты жоба жоспарланған. Бұдан өзге, 2018 жылдан кейін пайдалануға беру мерзімімен, 473,5 млрд теңге сомасына, 3 мың жаңа жұмыс орнын құрумен төрт жоба бойынша жұмыс жалғасын таппақ.

Бүгінгі таңда металлургия, машина жасау, химия және азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс индустриясы саласындағы 20-ға жуық ірі компаниялар өнімділік қуатын ұлғайтып, жұмыс процестерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық технологияларды енгізіп жатыр.

Цехты аралау барысында премьер-министр ауыл шаруашылығы техникасын құрастырудың технологиялық үдерісімен танысты. "Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация" ЖШС директоры Олег Балыбин ИИДМБ аясында іске қосылған зауыт 2017 жылы 698 миллион теңге сомасына 507 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын шығарғанын; 2018 жылдың үш айында 265 миллион теңгеге 208 бірлік техника шығарылғанын мәлімдеді.

Үкімет жыл сайын АӨК-тің техникалық жабдықталу деңгейін көтеруге көңіл бөледі. Өткен жылы жалпы 32,6 миллиард теңге сомасына 288 трактор, 263 жоғары өнімді астық жинау комбайны және 88 егіс кешені сатып алынды. Техниканың негізгі түрлері бойынша жаңару пайызы 2,6 болды. Осы жылдың бес айында 576 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішінде 101 трактор, 29 комбайн, 53 егіс кешені - 7,5 миллиард теңгеге. Ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауға 3,4 миллиард теңге қарастырылған.

Осыдан кейін Бақытжан Сағынтаев №1 қалалық емханада болып, онда жаңа цифрлық технологиялармен танысып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
 
Мекемені аралау барысында премьер-министр жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи медициналық жабдықтарының жұмысымен, сондай-ақ "Кешенді медициналық ақпараттық жүйе" жаңа бағдарламалық қамсыздандырумен және Зертханалық ақпараттық жүйемен танысты.

Емхананың бас дәрігері Сүлен Ілиясов Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданының жақын маңындағы ауылдарының емделушілеріне өздеріне ыңғайлы уақытта медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін электронды анықтамалық және кезек жүйесінің жұмысымен таныстырды.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өңірде жалпы денсаулық сақтау жүйесін дамыту, сонымен қатар медициналық ұйымдар желісінің бірыңғай перспективалық жоспары жобасы туралы баяндады. Осы жылдың 5 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурулар мен өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендегені байқалады: нәресте өлімі шамамен 26 пайызға, туберкулезбен ауыру - 13,9 пайызға, қан айналымы аурулары - 7,4 пайызға төмендеген.

Облыстың медицина қызметкерлерімен кездесуде денсаулық сақтау жүйесін дамытумен танысу жалғасын тапты. Кездесу барысында халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамыту, дәрігерлерді кәсіби даярлау және олардың МӘМС енгізуге дайындығы мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесуді аша отырып, Сағынтаев бүгінде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша көлемді жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Мемлекеттің негізгі басымдығы - қазақстандықтардың денсаулығын қорғау. Үкімет, өз кезегінде, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін реформалау бойынша Президенттің алға қойған бірқатар нақты міндеттерін ерекше бақылауда ұстап отыр. Бұл ұсынылатын медициналық қызметтерді цифрландыру, "қағазсыз ауруханаларға" көшу, сондай-ақ МЖӘ қағидасы арқылы денсаулық сақтау нарығын ырықтандыру және жекеменшік медициналық ұйымдар үшін кедергілерді азайту арқылы саланың тиімділігін арттыру.

Өз кезегінде, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әріптестерінің сөйлеген сөзіне пікір білдіре отырып, өңірде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыстар тиісті деңгейде іске асырылып жатқанын айтып өтті. Атап айтқанда, цифрлық технологияларды енгізу көптеген даулы мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Диалогты қорытындылай келе, Бақытжан Сағынтаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге мұқият дайындық, ұсынылатын қызметтер мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселелері ерекше басымдықта болу керектігін атап өтті.

Бұдан кейін Сағынтаев ет өңдеу зауытында болып, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Мақсаты - АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен және "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау жағдайымен танысу екені айтылады.
 
Жыл басында Елбасы бес жыл ішінде АӨК-тегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырған.

Ет өңдеу және консервіленген жартылай дайын өнім өндірісін тексеру барысында премьер-министрге дайын өнімдердің экспорттық жеткізілімін өсіру қарқыны туралы баяндалды. "Бижан ет өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры Хадиша Бижан зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 5 мың тонна ет өнімін құрайтынын хабарлады. 2017 жылы 289,2 миллион теңгеге, 2018 жылдың бес айында 486,4 миллион теңгеге өнім өндірілді. Қазіргі таңда Ресей нарығына экспорт ретке келтірілген, Орталық Азия мен Қытайға шығу жоспарланып отыр.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 53,6 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайызға жоғары. Осы жылдың бес айында азық-түлік өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 167 пайызға артып, 3,9 миллиард теңге болған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша қаңтар-сәуір айларында шұжық өнімдерін өндіру 20,5 пайызға (493-тен 594 тоннаға дейін) өскен.

Бұдан кейін премьер-министр Астана қаласы маңындағы азық-түлік белдеуін дамытуды ескере отырып, АӨК дамыту мен өңір қорларының өзекті мәселелері талқыланған облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Сондай-ақ, 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзектендірілген мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың жаңа мүмкіндіктері, құралдары мен механизмдері қарастырылды.

Өзінің алғы сөзінде Сағынтаев Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында 2021 жылға дейінгі АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы өзектендірілгенін, онда бірқатар басым бағыттар белгіленгенін атап өтті. Олардың ішінде өнімділікті ұлғайту үшін жаңа технологияларды енгізуді ынталандыру, барынша жеңілдету мен автоматтандыруды көздейтін мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру шаралары бар. Субсидияларды оңтайландыру есебінен қаржы құралдары бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау көлемі ұлғайтылады.

Сондай-ақ, премьер-министр аграрлық ғылымды дамытуды, импортты алмастыруды және экспорттық әлеуетті дамытуды мемлекеттік бағдарламаны сәтті жүзеге асырудың негізгі шарттарының бірі деп атады.

Айта кету керек, Ақмола облысы - ауыл шаруашылығы тауарларының көлемі бойынша жетекші өңірлердің бірі. Өңірде еліміздегі дәнді дақылдардың ең ірі егіс алқабы бар. Ал облыстың Астанаға географиялық жақындығы оны елорданың азық-түлік белдеуінің басты қатысушысы етеді.

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ұсынатын мүмкіндіктер туралы толығырақ баяндап берді. Оның айтуынша, жаңа мемлекеттік бағдарламаның мәні - жер мен қаржыландыруды қажет ететін фермерлерге баса көңіл бөлінеді. Мал шаруашылығымен, қой және жылқы шаруашылығымен айналысатын 80 мыңнан астам отбасылық фермаларды құру, жайылым алаңдарын 58 миллионнан 100 миллион га-ға дейін, ірі қара малдың санын 15 миллионға дейін, қойлардың санын 30 миллионға дейін арттыру көзделген.

"Фермер аграрлық несие корпорациясы арқылы қаржылай қолдау қорымен 15 жылға 4 пайызбен қаражат ала алады. Бұл мәселе шешілуде, тек нақты технологиялық тәртіп қажет", - деді бірінші вице-министр.

Сонымен бірге Евниев Ақмола облысының Астана маңында азық-түлік белдеуін дамыту тұрғысынан келешегі туралы айтып берді.

"Астана маңында азық-түлік белдеуін дамыту - Мемлекет басшысының тапсырмасы, бұл өңірге берілген үлкен мүмкіндік. Бүгінде үкіметтің тапсырмасы бойынша жол картасы қабылданады. Оның аясында Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы мәртебесі құрылады, ол "ҚазАгро" қаржы институттарында арнайы шарттарды ұсынады, сондай-ақ жер және басқа да мәселелерді қарауда жеңілдіктер жасалатын болады", - деді Евниев.

Өз кезегінде, "Атамекен" ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер көтерген барлық мәселелер Үкіметпен бірлесіп талқыланып, егжей-тегжейлі пысықталатынын айтты. Ол сонымен қатар көршілес елдерге экспортты арттыру қажеттігін атап өтті.

Сындарлы диалогтың қорытындыларын шығарған соң премьер-министр мемлекет тарапынан ауылдықтар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып отырғанын айтты.

Ел үкіметі Мемлекет басшысы қойған міндеттерді уақытылы іске асыру үшін барлық шараларды қабылдауда және Қазақстан үшін аграрлық сектордың стратегиялық маңыздылығын түсінеді. Сағынтаев агробизнесті қойылған міндеттерді орындау процесіне белсене тартылып, идеялар мен нақты шешімдер ұсынуға үндеді.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды, онда "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету әдістерімен және өңірде жалпы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысымен танысты.

Премьер-министрге операциялық залдың және дайын құжаттарды беру залының жұмысы таныстырылды. Электрондық кезек жүйесін енгізудің арқасында қызметтерді алу уақыты қысқартылды. Мемлекеттік қызметтердің жаңа стандарттарына сәйкес мамандандырылған ХҚКО-да күтудің максималды уақыты құжаттарды өткізген кезден бастап 90 минуттан аспауы керек, ал құжатты өткізгенге дейінгі күту уақыты - 20 минуттан аспауы тиіс. Бір азаматтың құжаттарын қабылдау уақыты да шектеулі, бұл да 20 минуттан аспауы тиіс.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бөлімшесінің директоры Б. Ақан мамандандырылған ХҚКО 2017 жылғы желтоқсан айында пайдалануға берілгенін мәлімдеді. Осы жылдың бес айында 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде көлікті тіркеу бойынша - 16 мыңнан астам, жүргізуші куәлігін беру бойынша - 5 мыңға жуық.

Мұнда премьер-министрге "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының өңірде іске асырылуы туралы баяндалды.

Облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов Ақмола облысында цифрландыру білім беру, денсаулық сақтау, интеллектуалды көлік жүйесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық қауіпсіздік және Smart аудан секілді бағыттарда жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Білім беру саласында кезек қалыптастыру процестерін автоматтандыру, мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарына бағыт беру және балаларды мектепке қабылдау жөніндегі жобаларды іске асыру басталды.

"Бұл жүйе шілде айында облыстың қалалар мен аудан орталықтарындағы 145 мектепке дейінгі ұйымында іске қосылады және балаларды туылған кезінен бастап кезекке электронды түрде тұрғызуға, балабақшаға жолдаманы автоматты түрде алуға, үйден шықпай-ақ орынды ауыстыруға, баланың электрондық паспортын: портфолиодағы балалардың барлық жетістіктері, білім беру траекториясы, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламаларында оқыту, оқытудағы прогресс және даму бойынша ұсынымдарды алуға мүмкіндік береді", - деді Крылов.

Бұдан өзге, премьер-министрге Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте жүру құнын төлеуді бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша таныстырылды. Жобаны іске асыру 2018 жылдың соңына дейін жоспарланған. Жүйеде жолақы төлеудің қолма-қол ақшалай да, қолма-қол ақшасыз да түрлері пайдаланылып, ескеріле алады.

Қолма-қол ақшасыз төлеу үшін түрлі төлем тәсілдері қолжетімді: жанасусыз көлік карталары, банк карталары, жанасусыз банк карталары, әлеуметтік карталар және мобильді төлемдер (NFC). Жобаны енгізудің бірінші кезеңінде автобустарды кондуктормен қоса, тасымалданатын көлік терминалдарымен жабдықтау көзделіп отыр. Одан соң тұрғындар жеткілікті мөлшердегі көлік карталарын алған соң жұмыс режимі кондукторсыз жүйеге көшіріледі.

Цифрландыру жобалары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаты бойынша да белсене іске асырылып жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, осы жылдың соңына дейін МЖӘ аясында MultiRadar SD580 типті жылдамдық режимін бұзуды анықтау жүйесінің 3 жиынтығын іске қосу жоспарланып отыр. Аталған жобаны іске асыру үшін 124 бейнекамера орнатылады.

Крылов сонымен қатар ТКШ саласындағы цифрландыру туралы айтып берді, ол энергия ресурстарын есептеу құрылғыларын жалпы үйге орнату арқылы оларды кейіннен бірыңғай интеллектуалды ақпараттық жүйеге берумен, Бірыңғай есептеу-қаржы орталығын құрумен, Е-КСК мобильді қосымшасымен құрылыс мониторингін кіріктірумен іске асырылады. 2025 жылға дейін 948 үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құрылғысы, 2024 автоматты жылу пункті, 2098 ЭБЕАЖ орнатылады. Энергия ресурстарын есептейтін бұл құрылғылар бірыңғай интеллектуалды ақпараттық жүйеге кіріктіру мақсатында дистанциялық деректерді беру құралдарымен жабдықталатын болады.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік", "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдауларын, "Бес әлеуметтік бастамасын", сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет туралы жаңа заңды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.


 
Кездесу аясында жаңа жаһандық шынайылық жағдайларында экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша өңір активінің жұмысы қарастырылды. Атап айтқанда, АӨК, инвестициялар тарту, экономиканың базалық секторларын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, цифрландыру, кадрлар даярлау және жаңа жұмыс орындарын құру, сонымен қатар экономиканы одан әрі әртараптандыру тәрізді бағыттар қамтылды.

Кеңесті ашқан Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысының ірі ауыл шаруашылығы өнімдері өндірістері мен өнеркәсіптер орналасқан ерекше индустриялық-аграрлық аймақ екенін атап өтті. Бүгінгі таңда мемлекеттің қолдауымен ауыл шаруашылығымен қатар машина жасау, металлургия және өңдеу өнеркәсібі салалары, құрылыс материалдары индустриясы, туризм дамып келеді. Қазіргі таңда Үкімет жаңа даму бағдарламаларын әзірлеп жатыр, сонымен қатар жоспарда - АӨК одан әрі дамуын белсендіру және өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту бар.

Биылғы қаңтар-мамыр айларында Ақмола облысында өнеркәсіп саласындағы өсім 102,8 пайыз, ауыл шаруашылығында - 104,2 пайыз, құрылыс секторында - 114,2 пайыз болды. Инвестициялар 11,9 пайыз артты - 76,2 миллиард теңгеге дейін, оның ішінде жеке инвестициялар - 31 пайызға өсті. Еңбек нарығында жағдай тұрақты, жалпы жұмыссыздың деңгейі - 4,8 пайыз. Бірыңғай электронды биржа арқылы 5,5 мың адам жұмысқа орналасты. Орташа айлық жалақы 9 пайыз - 110 000 теңгеге дейін өскен. 


Суреттер primeminister.kz сайтынан

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы облыс әкімі Мәлік Мырзалин баяндады. Биыл бес ай ішінде экономиканың барлық салаларында оң даму динамикасы байқады.

Индустриялық сектордың кәсіпорындары облыстың дамуына елеулі үлес қосады. Өңдеу өнеркәсібі үлесінің ұлғаюымен (шамамен 80 пайыз) дәстүрлі аграрлық сала индустриялық-аграрлық салаға айналуда. (2017 жылы Ақмола облысындағы ЖӨӨ құрылымындағы өнеркәсіп үлесі - 25 пайыз, оның ішінде 20 пайыз - өңдеу өнеркәсібі, 15 пайыз - ауыл шаруашылығы). ҚР бойынша өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі - 40 пайыз.

Бұдан әрі өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жаңғыруы мен цифрландыру бойынша облыстың міндеттері мен перспективалары туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндады.

Қазіргі уақытта ҚР ИДМ әкімдікпен бірлесіп, өңірді цифрландыру жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Жоспар жобасына 7 кәсіпорын жүзеге асырып жатқан 8 өңірлік жоба ("Қазатомөнеркәсіп" КҚЗ" БК" ЖШС,"Altyntau Kokshetau" АҚ, "Қазақалтын" АҚ және "RG Gold" ЖШС, "Көкше Цемент" ЖШС, "Семізбай U" ЖШС, "Степногорск тау-кен химия комбинаты" ЖШС) кіреді. Цифрлық технологияларды енгізу кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру туралы айтып берді.

Айта кетейік, 1 маусымдағы жағдай бойынша Ақмола облысында 5 563 жаңа жұмыс орны құрылған, оның 2 979-ы - ауылдық жерлерде, оның 3 403-і - тұрақты (550 - ауыл шаруашылығында, 451-і - өнеркәсіпте, 101-і - құрылыс, 136-і - көлік салаларында, бөлшек саудада - 743, экономиканың басқа салаларында - 1422).

Өз кезегінде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ақмола облысында туризмді дамыту туралы, атап айтқанда, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту барысы жайында баяндады.

Өңірдің туристік кластері 700-ден астам туризм саласындағы кәсіпорынды қамтиды. Кластердің мәдени-тарихи сегменті 900-ге жуық ескерткіштен тұрады, олардың басым бөлігі мемлекет қорғауында және экскурсиялық бағдарламалар кезінде қолданылады. Ақмола облысында 80-ге жуық туристік бағдар бар, олардың ішінде 8-і қасиетті орындар бойынша бекітілген бағдарлар. Биыл жалпы құны 2,8 млрд теңгеге, 170-тен астам жұмыс орнын құрумен 9 туристік нысан салу көзделген.

Өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтып берді. 

Кеңесті қорытындылаған Сағынтаев қозғалған барлық мәселелер мен тақырыптардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Кәсіпкерлікті дамыту елдің экономикалық өсімінің жаңа моделін құруда Үкіметтің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік ахуалды жақсарту және ШОБ іскерлік белсенділігін ынталандыру үшін жүйелі шаралар қолға алынуда. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлық ұсыныстар Үкіметтің ерекше бақылауына алынған.

Премьер-министр сонымен қатар отандық тауарлар мен техника өндірісін дамыту және әлемдік нарықтарға одан әрі шығу қажеттігіне баса назар аударды. 

"Ауыл шаруашылығындағы өңдеу бойынша көбірек жұмыстар жүргізіп, экспортқа шығу керек. Отандық тауар өндірушілерді қолдау қажет: импортқа жүгіргенше, өз өнімімізді пайдаланғанымыз жөн. Өңірлердің осы бағытта жұмыс істеуі аса маңызды", - деген премьер-министр Үкіметтің экспортқа бағдарланған тауар өндірушілерді қолдайтынына сендірді.

1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 43,1 мың бірлік, бұл өткен жылғы деңгейге шаққанда 1005 бірлікке артық (2,4 пайыз). 2018 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ШОК 77,7 миллиард теңге сомасына несие берілген, бұл берілген несиелердің жалпы санынан 36,3 пайызын құрайды (2017 жылғы ұқсас жағдаймен салыстырғанда өсім 24,1 пайыз), ауыл шаруашылығы (47,5 пайыз), сауда (23 пайыз) салаларында ең көп несие берілген. Ел өңірлері ішінде ШОК несие беру бойынша Ақмола облысы бірінші орынға ие (2017 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 157,5 пайыз).

"Біз экспорт пен бәсекеге қабілеттілікке бағдарланғандарға көмектесетін боламыз", - деп нақтылады Сағынтаев.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети