29 ноября 2019 | 12:39

Сағынтаев премьер мен әкім қызметтерінде қандай айырмашылық барын айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев. © Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев премьер мен әкім қызметтерінде қандай айырмашылық барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол елордада Орталық коммуникациялар брифингінде журналистердің сұрағына жауабында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев премьер мен әкім қызметтерінде қандай айырмашылық барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол елордада Орталық коммуникациялар брифингінде журналистердің сұрағына жауабында айтты.

"Премьерге мен әкім болып істедім. Сосын премьер болдым, сосын қайта әкім болдым. Мұндай жұмысқа қайта келетін болсаң, шаршамай, ұйықтамай жұмыс жасауың керек. Қай қызметте болсаң да, жаныңды беріп жұмыс жасамасаң, отырған орныңнан ешқандай пайда шықпайды. Мәселе бастық болып отыруда емес. Әрбір басшы өзіне жүктелген тапсырманы дұрыс түсініп, атқаруы керек. Өйткені үлкен сенім артылып отыр. Сол сенімді ақтау керек", - дейді әкім.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, премьер-министрден кейін әкім болған кезде "әкімнің мүмкіндігі жоғары". 

"Өйткені көзқарасың басқаша. Шешім шығару қабілетің басқаша қалыптасады, үлкен тәжірибеден өтесің. Бұл жөнінде бес айдың ішіндегі жасаған үлкен бағдарламаларымыз, осының бәрі қордаланған, үкіметте істеп жүрген кездегі тәжірибенің нәтижесі деп есептеймін", - деп жауап берді шаһар әкімі журналистің сұрағына.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев биыл маусым айында Алматы қаласы әкімі болып тағайындалған еді. Бұған дейін ол Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде болған. Оның алдында Қазақстан үкіметін басқарған еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная