19 февраля 2020 | 11:38

Сағынтаевқа жарнама баннерлеріне танымал тұлғалардың нақыл сөздерін жазу ұсынылды

Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласындағы жарнама баннерлеріне танымал тұлғалардың нақыл сөздерін жазу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевқа қала тұрғындары әкімнің есеп беру
кездесуінде айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласындағы жарнама баннерлеріне танымал тұлғалардың нақыл сөздерін жазу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевқа қала тұрғындары әкімнің есеп беру
кездесуінде айтты. 

"Мәдениет бар жерде бәрі бар. Мәдениетті адам жемқорлыққа бармайды. Қала көшелеріндегі баннерлерді, әл-Фараби, Абай даңғылдарында Нұрлан Оразалин, Дулат Исабеков секілді адамдардың суретін қойып, қасына солардың халыққа нақыл сөздерін жазып қойса. Бұл біріншіден, қаланың көркін арттыруға септесер еді, екіншіден, жастарға патриоттық тәрбие берер еді", - деп ұсыныс жолдады қала тұрғыны. 

Реклама
Реклама

Қала әкімінің айтуынша, қаладағы LED экрандарда жарнаманың 25 пайызы - әлеуметтік жарнама.

"Нақыл сөздер бойынша, ондай сөздер біздің баннерлерде жазылып тұр. Қазір Абайдың сөздерінен, қара сөздерінен шығып жатыр. Жолда өтіп бара жатқан кезде қарасаңыз LED экрандарда жарнаманың 25 пайызы - әлеуметтік жарнама. Сол әлеуметтік жарнаманың әсерінен нақыл сөздері кетіп жатыр. Оны тағы да бір қарап шығуға болады", - дейді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев. 

Айта кетейік, бүгін Алматыда Сағынтаев қала тұрғындарына есеп беріп жатыр. Кездесу 3200 адамға арналған Halyk Arena-да өтіп жатыр.

Бүгінгі есеп беру кездесуі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "тыңдайтын мемлекет" қағидатының жалғасы ретінде жүргізіліп отыр.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев қала әкімі лауазымына тағайындалған сәттен бастап әр аудан тұрғындарымен екі реттен кездесу өткізді.

Тамыз айында барлық ауданда өткен кездесулердің бірінші циклі кезінде 3,5 мыңнан аса тұрғын қатысты. 880-ге жуық сұрақ қойылды. Соның 123-іне кездесу барысында тікелей түсініктеме берілді. Іс жүзінде әрі ұйымдастыру шараларын қабылдауды талап ететін 756 мәселе бойынша әрбір ауданда іс-шаралар жоспары құрылды. 

22 қарашада Алматы қаласының әкімі Сағынтаевтың барлық сегіз ауданның тұрғындарымен кездесуінің екінші кезеңі басталды. Оған шамамен қала тұрғындарының 3,8 мыңы қатысты. Шамамен 460 алматылықтан 785-тен аса сұрақ қойылды. Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу үшін іс-шаралар жоспары бекітіледі. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная