ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сентября 2021 | 15:30
"Сақшыны ешкім қорғамайды" - Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейдің әйелі
Алматылықтар атыс кезінде қаза тапқан полицейлермен қоштасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылықтар атыс кезінде қаза тапқан полицейлермен қоштасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің артында кішкентай балалары қалды.
"Біздің полицейлер - батырлар, оларды ешкім қорғамайды, себебі олар халыққа қызмет етеді. Адамдар "менттер", "оларға ит өлім" деп жазып жатады. Бірақ мен полицейлер қалай өмір сүретінін білемін. Олар қызметі үшін өмірін құрбан етіп жатады. "Буран", арнайы жасақты шақыруы керек болған, бірақ олар учаскелік полицейлерді жіберді. Оқ өтпейтін кеудешесіз, қарусыз жіберді. Олар үйде балалар жүргендіктен қару қолданбаған. Бірде Нұрбол маған: "Егер қажет болса, мен отаным үшін өмірімді қиюға дайынмын" деген еді. Ол өз өмірін құрбан етті", - дейді полицей Нұрбол Байғазиевтің әйелі Альфия Баяділова.
Еске салайық, 20 қыркүйекте шамамен сағат 17:00-де Алатау ауданындағы Ақбұлақ мөлтекауданындағы тұрғын үйлердің бірінің тұрғыны атыс шығарған болатын. Ол аңшы қаруымен сот орындаушысына, полицияның учаскелік инспекторларына, ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.
Қаза болғандардың ішінде 1982 жылғы майор және 1988 жылғы капитан, сонымен қатар, сот орындаушысы және дау нысаны болған үйдің жаңа иесі бар. Алматы ТЖД мәліметінше, департамент қызметкерлері зардап шекпеді.
Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл қылмысты жасағандар 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Күдіктіні арнайы қызмет өкілдері оқиға орнында қару қолданбай ұстаған, өйткені үйде әйелдер мен балалар болған.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также