01 февраля 2021 | 13:19

"Санаулы жағдай". Нұр-Сұлтанда медицина қызметкерлері вакцина салдырудан бас тартқан

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Нұр-Сұлтан қаласында вакцина салғызудан бас тартқан медицина қызметкерлері бар. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласында вакцина салғызудан бас тартқан медицина қызметкерлері бар. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, әрине бұл - ерікті вакцинация. Санаулы жағдай бар (вакцинадан бас тартқан - еск.). (...) Қазір санын нақты айта алмаймын. Олар көп емес. Негізінен жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер. Неге екенін білмеймін, олар вакцина салдыра алмаймыз деп есептейді. Сондай-ақ онкологиялық немесе басқа да ауруы бар медицина қызметкерлері. Тағы уақытша алуды тоқтатып қойған, бірақ наурыз-сәуірде салдыруды жоспарлап отырғандар бар. Әркімнің жағдайы мен себебі әртүрлі. Олар басқалардың вакцина салдырғанын күтіп отыр", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде журналистің сұрағына жауап беріп.

Реклама
Реклама

Әлия Рүстемованың айтуынша, бірінші кезеңде вакцина салдыратын медицина қызметкерлерінің тізімі жасалған. Енді олар емханаға кезекпен барып, екпе салдырады.

"Бірінші кезеңде, ақпанда арнайы контингент, яғни инфекциялық стационарлар, жедел жәрдем қызметі және қабылдау бөлімі, көпбейінді стационарлардағы жансақтау бөлімінің қызметкерлеріне вакцина салынады. Осы мекемелер деңгейінде тізім жасалады. Әрине, вакцина жасауға келісім беретін медицина қызметкерлері. Олар қауіп зонасында жүргенін түсінеді. Тіпті олар маусым-шілде айларында ауырған болса да, олар қазір қайта жұқтыру қаупі бар. Оның үстіне олар науқастармен үнемі қарым-қатынас жасайтын медициналық ұйымда жұмыс істейді. Сондықтан тізім әзірленіп, емханаларға жіберілді. Адам көп жиналмауы үшін екпе егу кестесі жасалды. Күн сайын бұл медициналық қызметкерлер вакцина салдыруға барады", - деді Бейсенова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада коронавирус жұқтырғандар санының көбею себебін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная