ПОДЕЛИТЬСЯ
17 января 2023 | 17:16
Сәтбаевта мұғалім оқушыға 2 қойғаны үшін баланың туысынан сөз естіген
Сәтбаев қаласындағы мектепте мұғалім оқушыға 2 қойғаны үшін баланың туысынан сөз естіген. Оқушының туысы сол мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып шыққан. Ұлытау облысының білім басқармасының басшысы Сафура Сейдуәлиқызы бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиға туралы TikTok-та Айгүл Жұмағали есімді қолданушы айтқан. Оның сөзінше, оқиға Сәтбаев қаласындағы мектепте болған.
"Туыс қызына 2 қойған мұғалімге ашуланған мектептің оқу ісінің меңгерушісі "неге менің туысыма нашар баға қоясың?" деп ашуланған", - делінген жазбада.
@aygul.zhumagali Бұл Сәтбаев қаласының мектебінде орын алған оқиға...Туыс қызына екі қойған мұғалімге ашуланған мектеп завучі, неге менің туысыма нашар баға қоясыңдар, мен сені жұмысқа алған, сені қайта жұмыстан шығарамын деп айқайлаған
♬ оригинальный звук - Айгуль
Бұл ақпаратқа қатысты Ұлытау облысының білім басқармасының басшысы Сафура Сейдуәлиқызы пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл расында Сәтбаев қаласында болған оқиға.
"Бірақ бұл былтыр қарашада болған оқиға. Мұғалім мен оқу ісінің меңгерушісінің арасында осындай оқиға болғаны рас. Ол оқушының туысы екені де рас. Бүгінде оқу ісінің меңгерушісі қатаң сөгіс алды. Ол оқу ісінің меңгерушісі қызметінен босатылып, математика пәнінен аз жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Ал оқушы ата-анасының қалауымен басқа мектепке ауысты", - деп түсіндірді Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также