02 марта 2018 | 10:57

Сатирик Үмбетбай Уайдинмен қоштасу рәсімі қашан өтетіні анықталды

© Сурет ашық дереккөздерден

Сатирик жазушы Үмбетбай Уайдинмен қоштасу рәсімі қашан өтетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сатирик жазушы Үмбетбай Уайдинмен қоштасу рәсімі қашан өтетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұмның ұлы Ардагер Уайдиннің айтуынша, ертең, 3 наурызда сағат 10.00-де Жазушылар Одағында жазушымен қоштасу рәсімі өтеді. Кейін сағат 13.00-де асы беріледі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 82 жастағы жазушы 1 наурызда түстен кейінгі уақытта Алматыда өз үйінде қайтыс болған. Үмбетбай Уайдин бір жылдан бері аурудан емделген. 

Үмбетбай Уайдин - 1935 жылы 10 қарашада Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Темірастау ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген (1965). 1957-1958 жылдары Донбастағы Красный луч қаласында шахта құрылысшысы, 1958 жылы Шалқар аудандық газеті редакциясы жанындағы баспаханада баспашы болған.

Кейін Қазақ радиосы, "Ара-Шмель" журналы, Қазақфильм киностудиясы, "Өнер" баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер істеген. Көп жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде және Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын дарынды балалар мектеп-интернатында ұстаздық етті. Ақтөбе облысы Шалқар, Ырғыз аудандарының Құрметті азаматы.

Жекелеген кітаптары орыс, украин, қырғыз, қарақалпақ, тува тілдеріне аударылған. Қазақстан сатириктерінің "Найзагер" қауымдастығы президентінің орынбасары болған. ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная