ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ноября 2020 | 14:56
"Селқос қарамауды сұраймын!" Бекшин ата-аналарға үндеу жасады
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин алматылық ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин алматылық ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті ата-аналар, балалардың денсаулығына селқостықпен қарамауларыңызды сұранамын! Мектеп жасындағы дәстүрлі түрде оқып жатқан балалардың арасында коронавирус жұқтырғандардың өсуі байқалып отыр", - деді Алматының бас санитар дәрігері Өңірлік ОКҚ онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, бұған сабақтан тыс уақытта компьютер клубында немесе басқа да жабық жерлерде жиі болуы бірден-бір себеп болып тұр.
"Сонымен қатар отбасы мүшелерінің де коронавирус инфекциясын алып келуі де жоққа шығарылмайды. Яғни, клубтар, ресторандар және тағы басқа адамдар көп жиналатын жиындардан алып келетіні анықталып отыр. Осы қарапайым талаптарды орындау қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі және эпидемиологтардың жұмысын жеңілдетеді. Өзіңізді және басқаларды COVID-19-дан қорғаңыз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Жандарбек Бекшин алматылықтар коронавирусты қайдан жұқтырып жатқанын айтқан еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также