ПОДЕЛИТЬСЯ
13 августа 2021 | 13:38
Семейде үйі өртенген көпбалалы отбасы мал қорада тұрып жатыр
Семейде үйі өртеніп кеткен отбасы бала-шағасымен мал қорада тұрып жатыр. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Семейде үйі өртеніп кеткен отбасы бала-шағасымен мал қорада тұрып жатыр. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистердің мәліметінше, бұрын мал қора болған шағын сарай қазір көпбалалы отбасының баспанасына айналған. Себебі Толғанай Рақымжанқызының үйі өртеніп, төрт баласымен далада қалған.
"Бүкіл дүние-мүлкіміз, бәрі жанып, жарамсыз жағдайға түсті. Жердегі паластарымыз, еденге дейін өртенген. Осындай қиын жағдайда тұрмыз", - дейді Толғанай Рақымжанқызы.
Aibat ақпаратына сүйенсек, қазір отбасы бұрын төрт түлік жем-су жеген жерде жатып, ас ішіп отыр. Күндіз қораға торғай кірсе, түнде жарқанат ұшады екен. Ал жаңбыр жауса, төбедегі тесіктерден сарай ішін су басады.
"Шатыр ішінде шайымызды ішеміз. Кейін сиыр тұрған қорамызға келіп жатамыз. Кішкентайларым диванда жатады. Үлкендер жерге матрас салып, сонда жатамыз", - дейді көпбалалы ана.
Жоба журналистерінің айтуынша, Толғанай Рақымжанқызы қант диабетімен ауырады. Ал кенжесінің мүгедектігі бар.
Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Марина Часовникова бұл отбасының жағдайынан хабардар екенін айтты.
"Бүгінгі таңда арызын қабылдадық. Әкімдік шығынды есептеп, арнайы комиссияға береді. Әлеуметтік қорғау органдарынан көмек болады. Барынша көмек көрсетіліп, зардап шеккендерге беріледі", - дейді Марина Часовникова.
Ал әзірше отбасына қарапайым халық көмек беруді бастап кеткен. Қоғамдық ұйым өкілдері баспанасын жөндеп береміз деп отыр.
"Үйді, құдай қаласа, бастаймыз. Құрылыс, жөндеу бар. Терезесі, төбесінен құрылысты бастаймыз", - дейді "Ақ ұлпа аналары" қоғамдық ұйымының өңірлік жетекшісі Анар Сүлейменова.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также