18 февраля 2021 11:33

Сенатор Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынды

Рахила Тлеуова Корреспондент
Ахмет Байтұрсынұлы. © adebiportal.kz

Сенатор Алтынбек Нухұлы педагог, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор Алтынбек Нухұлы педагог, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде тойлау еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттырады. Ұлт ұстазының ізбасарлары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сияқты ғұламалардың мерейтойлары, серіктесі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен кеше ғана дүниежүзілік деңгейде аталды", - деді Алтынбек Нухұлы премьер-министр Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында.

Қаңтар ма, қыркүйек пе - Ахмет Байтұрсыновтың туған күні қашан?

Реклама
Реклама

Депутат Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын атап өтуге байланысты ұсынысын айтты:

  1. 2022 жылдың 5 қыркүйегінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту үшін үкімет арнайы хат дайындап, тиісті жерге жіберуді қамтамасыз ету;
  2. Рухани көсем тұлғасын айшықтау үшін Ахаңа елордадағы көшесінің бойынан еңселі ескерткіш тұрғызу. Мұндай сәулет-ескерткіштер өзі қызмет жасаған Қызылорда, Семей, Алматы қалаларында да қойылу керек;
  3. Кіндік қаны тамған, қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ауылға баратын жолдың жөнделуі және әкесі Байтұрсын мен ағасы Қали жатқан бейітте кесене көтеру мәселесін, ауылды абаттандыру арқылы музей үйін заманауи қалыпқа келтіруді Қостанай облысының әкімдігіне тапсырып, нақты міндеттер қою;
  4. Алаш ардақтысы туралы деректі фильмдерді толықтырып жаңарту және ұлт ұстазына арнап көркем фильм түсіру;
  5. Ахметтану саласында Ахаңның көпқырлы еңбектерін алыс-жақын шетелдік мұрағаттардан жинап, жаңадан көптомдығын шығару және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар арқылы ғұламаның ғұмырбаяны мен шығармаларын кеңінен насихаттауды қолға алу.

Тарихи тұлғаларға тіл тигізгендер жазалана ма?

Депутат наурыздың соңында Сенат қабырғасында ұлттық құндылықтар тақырыбында парламенттік тыңдау өтетінін атап өтті. 

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Байтұрсынұлы - әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram