21 мая 2020 | 12:15

Сенаторлар қару-жарақты сақтау орнына қатысты заңнамалық түзетулерді мақұлдады

Рахила Тлеуова Корреспондент
Арыстағы әскери қоймалардың жарылыстан кейінгі көрінісі. ©Тұрар Қазанғапов

Бүгін Сенат отырысында қарулы күштердің, әскер мен әскери құрылымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша заң нормаларына түзетулер енгізу талқыланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Сенат отырысында қарулы күштердің, әскер мен әскери құрылымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша заң нормаларына түзетулер енгізу талқыланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл заң жобасын қарауға Сенаттың бір топ депутаты бастамашы болған. Олардың атынан депутат Нұржан Нұрсипатов сөйледі.

Реклама
Реклама

"Заң жобасы қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың оқ-дәрі сақтау арсеналдары, базалары мен қоймаларының жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді. Біздің елімізде ғана емес, әлемде болатын табиғи құбылыстар мен техногендік апаттардан азаматтарды қорғау мәселесіне ерекше назар аудару керек екенін жақсы білесіздер. Депутаттар жұмыс барысында оқ-дәрі сақтау арсеналдары, базалары мен қоймаларының жанындағы тыйым салынған аймақтарда, аудандарда белгілеу мәселелерінде бірталай кемшілік пен проблема болатынына көз жеткізді.

Ол олқылықтар Арыс қаласында болған қайғылы оқиға кезінде көрінді. Атап айтқанда, жоғарыда көрсетілген нысандарға іргелес жатқан әскери нысандардың, ғимараттардың және құрылыс жайлардың қауіпсіздік мәселелері толық шешілмеген. Сондай-ақ оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестірудің төмен деңгейде болуы; Оқ-дәрілерді сақтау объектілеріне жақын орналасқан қауіпті аймақтарда ғимараттар салу фактілер бар", - деді депутат.

Содан соң ол нақты қандай заңнамалық нормаларға түзету енгізу керегін және оның қандай нәтижесі болатынын атап өтті.

"Бұл мәселелерді шешу үшін Жер кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, ҚР Қорғаныс және қарулы күштер туралы, ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдарына түзетулер енгізу ұсынылады. Түзетулерді қабылдау қару-жарақ, әскери техника және оқ-дәрілер арсеналдары базалар мен қоймаларға тиесілі мемлекеттік органдары тыйым салған аймақ пен тыйым салынған аудан аумағының белгіленген шекараларын міндетті түрде жергілікті атқарушы органдармен келісім жасай отырып, белгілеу тетігін кешенді шешуге мүмкіндік береді", - деді Нұржан Нұрсипатов.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Кейін сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед оны екінші оқылымда талқылауды ұсынды.

"Заң өте маңызды, тезірек қабылдауды қажет етеді. Сондықтан оны бүгінгі отырыстың екінші оқылымында қарауды ұсынамын", - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Отырысқа қатысқан 45 депутат екінші оқылымда қарауды қолдады. Содан соң депутаттар 10 минут үзіліске шығып, заң жобасы комитет отырысында талқыланды.

Комитет отырысынан кейін депутат Қайрат Қожамжаров сөйледі.

"Заң жобасының негізгі мақсаты - ҚР қарулы күштері мен басқа да қару-жарақ қоймаларымен іргелес жатқан елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Заң жобасы комитеттің, жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты қаралды. Комитеттерден түскен ұсыныстар талқыланды... Заң жобасының маңыздылығын ескере отырып, оны қабылдауды ұсынады", - деді депутат.

Содан соң заңды қабылдау жөніндегі Сенат қаулысын шығару үшін депутаттар дауыс берді. Барлығы қолдады. Заң жобасы мақұлданды.

Еске салайық, 2019 жылғы 24 маусымда таңғы уақытта Арыс қаласының маңындағы әскери қойма территориясында снарядтар жарылған. Тұрғындар жаппай қаладан шығып кетіп жатты. Кейін қала толықтай эвакуацияланды. Кейін Арыс қаласына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барып, атқарылған жұмыстармен танысып, зардап шеккендермен кездескен еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная