Шардаралық, заңгер, көлігі Toyota. Сіз кімсіз, Арыс әкімі?

10 Шілде, 15:33
5
Шардаралық, заңгер, көлігі Toyota. Сіз кімсіз, Арыс әкімі? -

24 маусымда Арыста болған жарылыс бір қаланы ғана емес, бүкіл елді дүрліктірген еді. Сол сәтте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жағдайды өз бақылауына алып, арыстықтардың проблемаларын тыңдаған. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та митингіге шыққан арыстықтардың алдына шығып, сөз сөйлеген еді.

Қазақстандықтар сол сәтте Арыс қаласының әкімі неге ел алдына шықпады деп, ол туралы көп сұрақ қойған болатын. Бүгінге дейін Арыс әкімі Мұрат Қадырбек көп көзге түсе қойған жоқ. 

Арыс әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Мұрат Қадырбек жарылыс болған күні қалада қалып, сол жақтағы жедел штабты басқарып, күні-түні апат ортасында кезекшілік атқарған. 

Тengrinews.kz тілшісі Арыс әкімі туралы мәліметтер ұсынады.

Мұрат Қадырбек еліміздегі жас әкімдердің бірі. Ол 1980 жылы 3 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысындағы (қазіргі Түркістан облысы) Шардара ауылында дүниеге келген. Негізгі мамандығы - құқықтанушы. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқыған.

Еңбек жолын Қарағандыда Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. 2008 жылы ШҚО Тарбағатай ауданында судья қызметін атқарған. Кейінгі екі жылды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде Департамент басшысының орынбасары ретінде өткізген. 2010-2011 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен. Кейінгі бес жылда түрлі мемлекеттік қызметтерді ауыстырады.

2016 жылы Қадырбек Арыс қаласының әкімі болып тағайындалған. Бұл қызметте үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әкім қарулы күштер қатарында болмаған. Алима есімде жары бар. Олар алты жыл бұрын елордада некелескен. Бүгінде екі қыз бен бір ұлды тәрбиелеп отыр.

Получить короткую ссылку

Автор :

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц