17 августа 2020 | 13:44

"Шекара ашылып жатыр". Қазақстандықтар қай елдерге бара алады?

Фото: ©РИА Новости

Бүгін Қазақстанда карантин режимі жеңілдетілді. Осыған байланысты енді кей елге ұшып баруға болады. Бүгін бірқатар елмен әуе қатынасы ашылды. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтар бара алатын елдер туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қазақстанда карантин режимі жеңілдетілді. Осыған байланысты енді кей елге ұшып баруға болады. Бүгін бірқатар елмен әуе қатынасы ашылды. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтар бара алатын елдер туралы баяндайды.

Бүгін қай елдермен рейстер ашылды?

Реклама
Реклама

20 маусымда Қазақстан бірқатар елмен әуе рейсін ашқан болатын. Дәлірек айтқанда, қазақстандықтарға Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер қайта ашылған. Кейін Венгрия, Чехия, Польша және Өзбекстанмен әуе қатынасы қайта жанданды.

Ал бүгіннен бастап тағы жеті елмен әуе рейстері ашылды. Енді қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне, Беларуське, Германияға, Нидерландыға, Мысырға, Украинаға және Ресейге ұшып бара алады.


© Тұрар Қазанғапов 

Бірақ мұнда карантин режимін қатаң сақтау қажет. Яғни, әлеуметтік дистанция мен маска режимін сақтап, ПТР тестілеуден өту қажет. Ал Ресейге ұшу үшін сол ел тарапынан рұқсат талап етіледі.

Қазіргі уақытта бұл елдермен әуе рейстері қаншалықты жиі болатыны белгісіз. Халықаралық бағыттар бойынша рейстердің саны әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім негізінде және әр бағыттағы әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалады.

Air Astana мен Fly Dubai ұшақтарымен Дубайға жетуге болады

Air Astana бүгіннен бастап Алматыдан Дубайға дейін тікелей рейсін ашты. Бірақ мұнда жоғарыда аталған сақтық шараларынан бөлек, тағы бір талап бар. Жолаушы Дубайдағы карантиндік талаптарды түсінетінін және оны сақтайтынын жазбаша түрде мойнына алуы қажет. БАӘ-ге жеткен кезде 48 сағат ішінде ПТР-тестілеуден өту қажет немесе 14 күн бойы оқшаулану керек. Алматыдан Дубайға қатынайтын ұшақтар дүйсенбі, сәрсенбі және сенбіде ұшады.

Ал ертеңнен бастап Fly Dubai әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтанға қатынауын бастайды. Дубайлық компанияның ұшақтары Алматыға аптасына екі рет - сейсенбі мен жұмада аттанады. Ал Нұр-Сұлтан әуежайына рейстер сәрсенбі мен жұмада жүзеге асырылады.

Билеттерді компанияның ресми сайты мен туристік агенттіктер арқылы брондауға болады. Қазіргі уақытта әуе компаниясы пандемияға байланысты клиенттерге сапар күндерін өзгертуге немесе басқа рейске рәсімдеуге айыппұлсыз тапсырыс беруге мүмкіндік беріп отыр.

Fly Dubai ұшақтары қазір қазір Алматы мен Нұр-Сұлтаннан бөлек тағы 22 бағыт бойынша рейстерін ашқан: Дакка, Джибути, Кувейт, Аддис-Абеба, Джуба және Хартум, Белград, Бухарест, Киев, Прага, Сараево, София, Баку, Бішкек, Душанбе, Кабул, Александрия, Багдад, Басра, Бейрут, Эрбил, Сүлеймения.

Қазақстандықтар Түркияға қашан бара алады?

20 маусымда Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы ашылған болатын. Бірақ тамыздың басында екі ел арасындағы әуе рейстері тоқтатылған болатын.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, енді Түркия мен Қазақстан арасында әуе рейстері 1 қыркүйектен бастап ашылады. Әуе рейстерінің 1 қыркүйекте ашылатыны туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоглу мәлімдеген.

Басылымның хабарлауына қарағанда, Түркия 92 мемлекетпен әуе рейстерін қайта ашу туралы келіссөз жүргізген.


Фото @Shutterstock

Қазақстандықтар транзин рейстер арқылы қайда ұша алады?

Кеше көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтар қандай транзит рейстер арқылы ұша алатынын айтты. Оның сөзінше, қандай да бір елге бару алдында сондағы коронавирус бойынша жағдайды білу керек.

"Мысалы, қазақстандық Малайзияға Түркия арқылы транзит рейспен ұшқысы келеді. Ия, бұл мүмкін, бірақ ондағы COVID-19 жағдайын бақылау керек. Әр елде шектеу шаралары күн сайын өзгеріп отырады. Келетін жолаушылар үшін шектеу шаралары туралы мәліметті нақтылау керек. Түркияда да өз талаптары болуы мүмкін", - дейді ол.

Сондай-ақ, Байғабылов қазақстандықтарға бір жаққа ұшуға шектеу қоймайтынын айтты.

"Бірақ Қазақстанға екінші санаттағы елдерден келетін жолаушылардан коронавирусты анықтайтын тест тапсыруын талап етеміз. Мысалы, Дубайға кіру үшін 96 сағаттан аспайтын уақыт бұрын өткізілген тестілеудің теріс нәтижесі болуы керек", - деді көліктегі санитар дәрігер.

Сәдуақас Байғабылов бүгінде Қазақстанның ҚХР, Корея, Жапония, Грузия, Тайланд, Венгрия, Германия, Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Мысыр, Украина, Ресей, Польша, Өзбекстан елдерімен шекара ашылғанын айтты.

Ол бұл елдерге ұшуға рұқсат берілгенін, енді кестені әуе компаниялары жасайтынын мәлімдеді. Бірақ санитар дәрігер жоғарыда аталған мемлекеттер арқылы транзинпен рұқсат етілмеген елдерге ұшуға болмайтынын айтты.

"Мысалы, біздің тізімімізде Италия мен Испания жоқ. Тиісінше, қазақстандықтар транзин арқылы ол жаққа бара алмайды", - деді ол.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная