"Шекараның арғы бетіндегі Қытай жыл сайын жайнап барады, ал біз тастанды ауылға айналдық"

Фото: Massaget.kz

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы іргедегі Қытаймен қалқан іспетті. Бейбітшілік заманда халық үдере қоныс аударып, тоқырап кетпесе де, бүгінге дейін Құйған ауылы жұртының 80 пайызы көшіп кеткен. Амалдап бидай, арпа, жоңышқа еккенімен, жері шаруалар үшін қолайсыз. Massaget.kz тілшісі ауылға арнайы барып, тіршілігімен танысып келді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ауыл шекаралық аймаққа жатады. Құйғанға шет Ласты және орта Ласты деп аталатын қос бекет қарайды. 51 шаруа қожалығы застава түбіне қоныстанып, жайлауға орныққан. Қыстай 45 шаңырақ сол жақта қыстап қалатын көрінеді.

Реклама
Реклама

Фото: Massaget.kz

Мұндағы азаматтар қазір шөп шабу қамымен жүр. Көбі жаңбыр аз жауып, шабындық мәз емес десті. Ауылда қыбыр еткен адам көрінбейді. Аптапқа қарамай бірен-саран нысандар жұмыс істеп тұр. Ең алдымен көзге ұшырасқаны - қаңтарылып тұрған техникалар.

Фото: Massaget.kz

Ауылға ауызсу тартылмақ. Осыған дейін әр көшеде орнатылған құдықтардан су алып келді.

Фото: Massaget.kz

Ауылға халық тұрақтамауының түрлі себебі айтылды. Соның бірі - 90-шы жылдардағы жекешелендіру. Ауылдастар сөзінше, жекешелендіру аудан көлемінде осы Құйғаннан басталған. Демографиялық тұрақтылықтың уығы сол кезде шайқалып, халық басқа жаққа қоныстануды күрт жиілетті. Елдімекенде жан-жақты даму кенжелеп, асфальттың төселмеуі мен ауыл аралық жолдардың талайдан бері жөндеу көрмеуі әлі өзекті.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама