04 февраля 2020 | 11:19

"Шекараның жабылуы сылтау емес". Министр Қытай тауарлары елімізге кедергісіз кіре беретінін айтты

Даурен Ерболат Журналист
"Қорғас" ШЫХО. © Тұрар Қазанғапов

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов алдағы уақытта бағаны негізсіз көтерген қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты тексеріс басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов алдағы уақытта бағаны негізсіз көтерген қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты тексеріс басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасында шекараның жабылуын сылтау етіп, кейбір кәсіпкерлер тауардың бағасын себепсіз көтеріп жіберіпті. Сондықтан министрлік арнайы желіні іске қосқан.

Реклама
Реклама

"Мен жедел желі туралы ақпаратты бердім. Оны фейсбуктегі жеке парақшамда жарияладым. Барлық тұтынушыға базардан немесе дүкендерден осындай себептерді (бағаның себепсіз көтерілгенін - автор) көріп отырсаңыз тиісті ақпаратты бізге жіберіңіздер", - дейді Сұлтанов үкіметтің баспасөз орталығындағы баспасөз мәслихатында.

Қазақстандықтар бағаның себепсіз көтерілгенін көргендер +7 7172 751632 немесе +7 7172 749832 нөмірлеріне хабарласуы керек.

Сонымен қатар ведомство басшысы Қазақстан мен Қытай арасында шекараның тауар бағасына кері әсерін тигізбейтінін атап өтті.

"Қытаймен шекара жабылғаннан кейін баға өседі" деген ақпарат - дұрыс емес ақпарат. Өйткені, қос ел арасында тауар өткізу мәселесіне байланысты ешқандай кедергі жоқ. Шекара жабылған жоқ. Коронавирусқа байланысты тек қана адамдарды өткізу мәселесіне қатысты қиындықтар туындаған шығар. Сондықтан тауар бағасын негізсіз көтеруге себеп жоқ", - деді министр.

Бақыт Сұлтанов алдағы уақытта бағаны себепсіз көтерген кәсіпкерлерге байланысты тексеріс жүргізілгенін жеткізді. Егер заң бұзу фактілері дәлелденсе, оларға айыппұл салынуы мүмкін.

"Қазіргі таңда сатушылар осындай себептермен (шекараның жабылуы - автор) бағаны көтерсе, бұл ақпаратты тұрғындар бізге беруі керек. Ал тиісті органдар: монополияға қарсы және салық органдары жұмыс жүргізіп, талдау жасайды. Ал бағаны себепсіз көтерген сатушыларға заң аясында белгілі шараларды қабылдаймыз", - деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, бүгін үкімет отысырында Бақыт Сұлтанов кейбір кәсіпкерлер коронавирусқа байланысты Қазақстан мен Қытай арасында шекараның жабылуын сылтау етіп, азық-түлік бағасын негізсіз көтергенін атап өткен еді. Оның айтуынша, бұл фактілерді тексеру үшін арнайы желі іске қосылған.

Еске салайық, 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайда белгісіз коронавирус тараған болатын. Кейін ел билігі Хубей провинциясындағы 10 қаласында карантин жариялап, оны жапты. Бірінші Ухан қаласы жабылды. Себебі, коронавиус осы шаһардан тараған болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, коронавирустан 427 адам көз жұмған, ал 657 адам қауіпті дерттен жазылған. Сондай-ақ коронавирустың басқа елдерге де таралу фактілері анықталды.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная