ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сентября 2020 | 16:56
Шенеунік Алматыда ауа сапасының неге нашарлағанын айтты
Алматы қаласы экология департаменті басшысының орынбасары Данияр Әлімсейітов көпқабатты үйлердің бейберекет салынуынан ауа ағыны бұзылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы экология департаменті басшысының орынбасары Данияр Әлімсейітов көпқабатты үйлердің бейберекет салынуынан ауа ағыны бұзылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Алматыда ауаның сапасын бақылайтын 26 сезбек (датчик) бар.
"Қалада 49 LED-экран орнатылған. Олар Алматыдағы ауаның сапасын көрсетеді. "Қазгидромет" мекемесінде 16 сезбек, жеке адамдарда ауа сапасын тексеретін сезбек бар. Жалпы бізде 26 сезбек бар. Олар ауа сапасын бақылайды" , - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, Әлімсейітов қаладағы ауа сапасының нашарлауына көпқабатты үйлер де кері әсерін тигізіп жатқанын атап өтті.
"Бейберекет салынып жатқан көпқабатты үйлердің салдарынан ауа ағынының бұзылуы байқалып отыр. Алдағы уақытта жел бағытының өзгеруі бойынша зерттеу жүргізу және желдің негізгі бағытын ескере отырып, қаланың бас жоспарына түзетулер енгізіледі", - деді орынбасар.
Ол Алматы көшелеріндегі көліктердің қоршаған ортаға зиян қалдықтарды шығаруын азайту мақсатында қандай жұмыс жүргізілетінін айтты.
"Қаладағы көліктерге қатысты жұмыс жүргізіледі. Атап айтқанда, жолаушылар, коммуналдық және қызметтік көліктерді газға ауыстыру, дизель отынымен жүретін көліктерді пайдалануға кезең-кезеңімен тыйым салу, көліктерді техникалық байқаудан өткізу, көлік майларының сапасын бақылауды күшейтеміз", - деді Әлімсейітов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также