14 мая 2019 | 16:50

Шетелдегі демалыс: Төлем картасын пайдалану алдында не білу керек

© pixabay.com

Мамыр айынан демалыс маусымы басталады. Осыған орай шет елде демалғанда қолма-қол ақшаны пайдаланған жөн бе, әлде төлем картасы дұрыс па? Бұл сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісіне туристік агенттіктің қызметкері Айбек Сәрсенбек айтып берді. Шетелде қолма-қол ақшасыз төлеммен есеп айырысу алдында бірнеше мәселені ескеру керек.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мамыр айынан демалыс маусымы басталады. Осыған орай шет елде демалғанда қолма-қол ақшаны пайдаланған жөн бе, әлде төлем картасы дұрыс па? Бұл сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісіне туристік агенттіктің қызметкері Айбек Сәрсенбек айтып берді. Шетелде қолма-қол ақшасыз төлеммен есеп айырысу алдында бірнеше мәселені ескеру керек.

Маманның айтуынша, шетелге шығар алдында қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін төлем картасымен қатар қолма-қол ақшаны да өзіңмен бірге алып жүруің керек. Себебі кейді картадан төлем жасалмай қалуы мүмкін. 

Реклама
Реклама

"Мен шетелге шығатындарға қарапайым кеңестер бергім келеді. Бірақ бұл кеңестердің өзі өте маңызды дер едім.  Сонда есеп айырысқан кезде ешқандай проблема болмайды. Ақшалай төлем жасайтын болсаңыз мұнда барлығы түсінікті. Сол елдің валютасына айырбастау керек. Ал карта арқылы төлем жасағыңыз келсе, ондағы ақшаны жаратуға қойылған лимитті алып тастау керек. Картаңыздың ұялы телефонында арнайы бағдарламасы болғаны дұрыс. Ол арқылы банк шотынан үзінді көшірме сияқты қосымшаларды пайдалана аласыз. Тағы бір кеңесім, картаға байлаулы нөмірді таныстарыңызға қалдырып кетіңіз, себебі оған келген SMS-хабарландыру шетелде жүргенде келмеуі мүмкін. Ал Қазақстандағы таныстарыңыз төлем туралы ақпаратты сізге хабарлама арқылы жібере алады", - дейді маман.


© pexels.com

Сондай-ақ туроператор еліміздің кейбір банк карталары арқылы шетелдегі банкоматтардан 300 мың теңгеге дейін комиссиясыз ақша шығарып алуға болатынын айтты.  

"Мен тәжірибелі адам ретінде шетелге шыққанда ақшалай және төлем картасын алып шығамын. Қолма-қол ақшаны картадан төлем өтпеген кезде пайдаланамын. Өз басым карта арқылы төлем жасаған кезде алаяқтыққа ұшырап көрмедім. Біздің турфирманың клиенттерінен де бұл мәселе жайлы шағым түскен жоқ. Негізі, шетелде карта арқылы төлем жасағанда сізге берілген чекке назар аудару керек. Егер де есеп айырысуда ақша артық төленсе, мәселені сол жерде шешіп алу керек", - дейді ол. 

Маманның айтуынша, картада ақшаңыз теңгемен тұрса да болады, оны басқа елдің валютасына аударудың қажеті жоқ.

"Егер сізге төлемді басқа елдің валютасымен жасау керек болса, онда банктің өзі ақшаны сол елдің валютасына айырбастайды. Мен осылайша қолданамын және төлем өткізу ыңғайлы. Оған қоса кей банктердің картасында ақша айырбастаудың комиссиясы да тым көп емес", - дейді Айбек Сәрсенбек.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная