ПОДЕЛИТЬСЯ
11 июня 2024 | 12:57
"Ішімдікке сылқия тойған": Арал ауданы әкімдігінің қызметкері 8 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Арал қаласында белгісіз біреу бүлдіршінді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейінірек күдікті білдей бір әкімдік қызметкері екені белгілі болған. Куәгерлердің сөзінше, ол көлікті мас күйінде жүргізген. Дегенмен келтірілген дәйектерге қарамастан жол апатына себепкер жауапкершілікке әлі тартылмапты. Ашынған ата-ана редакциямызға көмек сұрап хабарласты. Massaget.kz тілшісі мән-жайды анықтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Арал қаласында белгісіз біреу бүлдіршінді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейінірек күдікті білдей бір әкімдік қызметкері екені белгілі болған. Куәгерлердің сөзінше, ол көлікті мас күйінде жүргізген. Дегенмен келтірілген дәйектерге қарамастан жол апатына себепкер жауапкершілікке әлі тартылмапты. Ашынған ата-ана редакциямызға көмек сұрап хабарласты. Massaget.kz тілшісі мән-жайды анықтады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
2 маусымда сағат 22:45 шамасында көше жақтан естілген қатты дауыстан үрейленген аудан тұрғыны Болатбек Каденов ойнап жүрген қызы сұлап жатқанын көрген. Ол жылдамдығын үдетіп бара жатқан көліктен басқа күдік тудырар ілік таппаған, көліктің де тек сериялық нөмірін есінде сақтапты.
"Мен далаға шыққанда әлгі көлік енді жылдамдық жинай бастаған. Артынан қуып жететіндей астымда көлік те болмады. Дегенмен көлік нөмері есімде қалды. Полицияға бар көргенімді айтып, қызымды ауруханаға жеткіздім. Біраз уақыт өткен соң көлік табылды деген хабар да жетті", - дейді зардап шеккен қыздың әкесі Болатбек Каденов.
Күдікті баланы басып кетсе де, дым болмағандай дүкенге барып ішімдік сатып алған. Десе де түскен арызға қатысты күдікті ұсталса да, полиция қызметкерлері бұл деректі тіркеуге асықпаған. Аяғына әзер тұрған күдіктіні қолхатпен босатып жіберген. Құқық қорғау мамандарының бұл ісі заңға қайшы екенін жәбірленуші қанша айтса да, құлаққа ілген жан табылмаған.
"Жүргізуші табылды деген соң жетіп бардым. Ұсталған адамның ішімдікке сылқия тойғаны көрініп-ақ тұр. Мен оған өзі қағып кеткен баланың әкесі екенімді айтып, одан неге қашып кеткенін сұрадым. Ол "қашамын деп ойламадым, енді жағдай солай болып қалды, кешіріңіз" деп, өз кінәсін мойындай бастады. Бірақ полиция қызметкерлері одан наркологиялық сынама да алмаған, көлігін айып тұрағына қоймайтынын да жеткізді. Себебін "оқиға болған уақыттан 3 сағат асып кетті" дегенге саяды. Бұлары дұрыс емес екенін қанша айтсам да, сөзімді құлағына ілген ешкім болмады. Кейін анықтала келе бұл жүргізушінің әкімдікте істейтінін білдім", - жәбірленушінің әкесі.
Кейін іс орнынан жылжымаған соң жәбірленуші аудандық прокуратураға да жүгінген. Олар Полиция басқармасына хабарласып, істің мән-жайын анықтағанымен, соңында облыстық прокуратураға жүгінуіне кеңес берген.
Болатбек Каденов жақын маңдағы камералардан жиған деректерін де көрсетті. Видеодан күдікті жол оқиғасынан кейін ештеңе болмағандай, дүкенге кіріп, екі бөтелке ішімдік алып, көлігіне мініп, кетіп қалғаны көрінеді.
Мәселені жылы жаппақ ниетте күдікті де, оның анасы да кешірім сұрап, жәбірленушінің алдына барған. Дегенмен "оның ертең тағы бір отбасының соры болмасына кім кепіл" деген Болатбек Каденов істі соңына дейін жеткізуге бекініп отыр.
Медициналық сараптаманың қортындысы бойынша баланың аяқ бұлшық еттері мен сіңірлері жыртылған. Бүгінде оның жағдайы қалыпты. Қазір үйіне жіберілген.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также