ПОДЕЛИТЬСЯ
27 июня 2019 | 19:56
Шөкеев арыстықтарға берілетін ақша мен кредиттеріне көмек көрсету жайлы айтты
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арыстықтармен кездесу барысында бүкіл қазақстандықтар болып жинаған қордағы қаражаттың қалай төленетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арыстықтармен кездесу барысында бүкіл қазақстандықтар болып жинаған қордағы қаражаттың қалай төленетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шөкеев жиналған қаражаттың бір тиынына да тиіскізбей сақтауға уәде берді.
"Менің есебім бойынша, қазір сол ақшаны әр отбасыға теңдей бөліп береміз деп ойлап отырмыз. Енді кредит мәселесіне келсек, біз банктермен сөйлесеміз, үкіметте осы мәселені талқылаймыз. Менің өз пікірім, процентін бір-екі айға шегеру керек. Мен сондай позиция ұстанамын және сол үшін күресемін. Айналайын халқым, талаптың өз қисыны бары бар, жоғы бар. Сондықтан сабыр сақтайық. Маған бәрін жасап бер деген болмайды ғой. Ал кәсіпкерлерге келсек, олардың бұзылған ғимараттарының бәрін жөндеп береміз, салықты төлейміз", - деді ол.
Сондай-ақ, Шөкеев Арыста өлген малдың өтемақысы қандай болатынын айтты.
"Біздің қызметтер жұмыс істеп жатыр. Егер мал тіркелген болса, яғни белгісі бар болса, бәрін біз қайтарып береміз. Ал егер белгісі болмаса әркім де малым бар еді дей береді", - деп түсіндірді Өмірзақ Шөкеев.
Видео: Яков Фёдоров, facebook.com/theyakov
Бұған дейінгі кездесуінде Өмірзақ Шөкеев жиналғандармен "Акмешіт" мешітінде кездескен еді. Ол кезде Арыс тұрғындары радиация жайлы қауесеттің тарап жатқанын айтып, басқа қалаларға көшіруді сұраған. "Арандатушыларды тыңдамаңыздар! Мені тыңдаңыздар. Бізге бірге болуымыз қажет. Арыста ешқандай радиация жоқ. Сіздерге Арыста үй салып береміз. Сосын оны сатасыздар ма, жоқ па - өздеріңіз шешесіздер", - деді Өмірзақ Шөкеев.
Оның алдында бүгін арыстықтармен Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кездесіп, талаптарына жауап берген еді.
Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также