19 мая 2020 | 14:18

"Шыбын мен маса таратады". Коронавирус туралы қандай жаңсақ пікірлер тарап жатыр?

© Pixabay.com

Ғалымдар коронавирусты толық зерттеп үлгерген жоқ. Соған байланысты желіде COVID-19 туралы жаңсақ пікірлер толып жүр. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәт сайын коронавирус туралы тарап жатқан жаңсақ пікірлерге қатысты мәлімдеме жасап отырады. Tengrinews.kz тілшісі сондай жалған ақпараттар туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдар коронавирусты толық зерттеп үлгерген жоқ. Соған байланысты желіде COVID-19 туралы жаңсақ пікірлер толып жүр. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәт сайын коронавирус туралы тарап жатқан жаңсақ пікірлерге қатысты мәлімдеме жасап отырады. Tengrinews.kz тілшісі сондай жалған ақпараттар туралы баяндайды.

"Сорпаға бұрыш қосып ішсең, коронавирустан емдейді"

Реклама
Реклама

Желі қолданушылары коронавирустан тағам арқылы сақтанудың жолдары туралы жазған. ДДҰ мұндай жолдардың COVID-19-дан қорғамайтынын мәлімдеді.

"Тағамдағы ащы бұрыштың, әрине, гастрономиялық артықшылықтары бар, бірақ ол коронавирустың алдын алмайды және одан емдемейді", - делінген хабарламада.

Ұйым коронавирус инфекциясынан қорғанудың әдісі туралы жазған.

"Жаңа коронавирус инфекциясынан қорғанудың жақсы әдісі - басқалардан кемінде бір метр қашықтықты сақтау, сонымен қатар, қолды жиі және мұқият жуу. Одан бөлек, теңдестіріп тамақтану, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау, тұрақты жаттығулар және дұрыс ұйқының пайдалы нығайтушы әсері бар", - деп жазылған ұйым сайтында.

"Шыбын мен маса коронавирус таратады"

Күн жылынып, шыбындар шыға бастаған соң желіде бұл жәндік коронавирус таратады деген жазбалар пайда болды. Бұл да шындыққа жанаспайды екен.

"Қазіргі уақытта шыбындардың COVID-19 вирусын таратуға қабілетті екенін көрсететін деректер мен ақпараттар жоқ", - дейді ұйым мамандары.


© pixabay.com

Бұл масаға да байланысты. Масаның COVID-19 індетін тарататынына ғылыми негіз жоқ екен. Ұйым коронавирустың әуе-тамшы жолы арқылы тарайтынын еске салды.

"Күн коронавирустан сақтануға көмектеспейді"

Желіде күннің коронавирус кезінде ағзаға пайдалы екені жазылған хабарламалар тараған. Дәлірек айтқанда, онда күн температурасы 25 градустан жоғары болса, ол вирустың алдын алады деп айтылған.

"Күннің немесе 25 градустан жоғары температураның ағзаға әсері коронавирус індетінің алдын алуға көмектеспейді. Ауа райы қанша жерден күншуақ немесе ыстық болса да, адам COVID-19 ауруына шалдығуы мүмкін. Климаты ыстық елдер де коронавирус тарағанын хабарлап жатыр. Өзіңізді қорғау үшін қолыңызды жиі және мұқият жуып, көзіңізді, аузыңызды және мұрныңызды ұстамаңыз", - деп кеңес береді ДДҰ.

Ұйым бұған дейін күн жылыған соң коронавирус кетеді деген пікірдің де шындыққа жанаспайтынын хабарлаған еді.

"5G мобиль желісі коронавирус таратады"

Пандемияға байланысты 5G желісі COVID-19-дың тарауына әсер етеді деген пікір қалыптасқан. ДДҰ мұның да қате екенін мәлімдеді.

"Вирус радиосигнал немесе мобиль байланыс толқыны арқылы тарамайды. COVID-19 5G желісі әлі жоқ көптеген елде тарап жатыр", - деп жазылған ұйым сайтында.

Техникаға қатысты тағы бір жаңсақ пікір - қол кептіргіш құрылғыға байланысты. Ол вирусты өлтіреді деген ақпарат пайда болған. Денсаулық сақтау ұйымы оның да жалған екенін хабарлады.


Фото: photoxpress

Қол кептіргіш коронавирустан сақтай ма? Жаңсақ пікірлер топтамасы

"10 секунд демалмай, кейін жөтелмесеңіз, COVID-19 жоқ дегенді білдіреді"

Желіде коронавирустың бар-жоғын анықтаудың қарапайым әдісі тараған. Ондағы жазбаға сенсек, 10 секунд демалмай тұрсаңыз және содан соң жөтелмесеңіз, бұл коронавирус жоқ дегенді білдіреді екен. Ұйым мұның да ойдан шығарылғанын мәлімдеді.

"Деміңізді 10 секундтан көп ұстасаңыз, содан соң жөтел немесе қолайсыздық сезімі болмаса, ол коронавирус ауруының жоқ екенін білдірмейді. Коронавирустың жиі кездесетін белгілері - құрғақ жөтел, әлсіреу және дене қызуы", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, ДДҰ коронавирус бар-жоғын зертханалық тест тапсыру арқылы білуге болатынын еске салған.


© pixabay.com

"Салқын ауа райында жүрсеңіз, коронавирус жойылады"

Әлеуметтік желілерде коронавирусты жеңудің тағы бір жолы тарап жатыр. Онда күн суық болғанда көшеде жүрсеңіз, коронавирустан емделесіз деген пікір айтылған.

"Салқын ауа райында және қар жауып тұрғанда далада болу жаңа коронавирусты жоюға көмектеспейді. Сау адамның дене температурасы қоршаған ортаның температурасына немесе ауа райына қарамастан 36,5-37 градус аралығында болады. Сондықтан, салқын ауа райында далада болу коронавирус инфекциясымен немесе басқа аурулармен күресуге көмектеседі деп сенуге негіз жоқ", - делінген хабарламада.

Осы тұста коронавирустың желтоқсанда, яғни қыста басталғанын ұмытпаған жөн.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная