ПОДЕЛИТЬСЯ
03 августа 2023 | 06:32
Шығыс Қазақстанда миллиардтар бөлінген көпір құрылысы жұмысын тоқтатуы мүмкін
Шығыс Қазақстанда миллиардтар бөлінген көпір құрылысы жұмысын тоқтатуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстанда миллиардтар бөлінген көпір құрылысы жұмысын тоқтатуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Қайта құрылғанына 1 жылдан асқан Самар ауданы мен Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарын жалғайтын нысан құрылысы жергілікті жұрттың талай жылғы тілегі негізінде 2021 жылы қолға алынған болатын. Кейін тендерді "ОблШығысЖол" ЖШС ұтып, бүгінге дейін жұмыс үздіксіз жалғасып келді. Ал қазір белгісіз себеппен қаржыландыру тоқтап қалған. Оған уәде етілген транш (төлем бөлігі) әлі түспеуі себеп болған. Мәселе әлеуметтік желілерде көтеріліп, бейнежазбалар да тарады. Тендер ұтқан мекеме директорының орынбасары қаржы тез арада бөлінбесе, көпір тек 5-10 жылдан кейін салынып бітетінін жеткізді.
"Жоспар бойынша нысанды екі жылдан соң, яғни 2025 жылы тәмамдауымыз керек. Бірақ бюрократия тұрғанда бұл межені орындау оңайға түспейді. Халық қаншама жыл күтіп жүр, ал бізде әлі қалтаны қампайтудың қамы. Дәл қазір қаржыландыру жүзеге аспаса, жұмыс тек бес, он жылдан соң аяқталуы мүмкін", - деді "ОблШығысЖол" ЖШС директорының орынбасары Ниғматулла Абдулхаков.
Жауаптылардың сөзінше, қазір жұмыс инвесторлардың қаржысынан жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес, Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан нысан еліміздегі ең ұзын көпір болмақ.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также