ЧМ-2026: РЕЗУЛЬТАТЫ И РАСПИСАНИЕ

Смайылов Президент ұсынған реформалар туралы: Әрбір мемқызметкер басшылыққа алуы тиіс

Камила Долаева Корреспондент
Смайылов Президент ұсынған реформалар туралы: Әрбір мемқызметкер басшылыққа алуы тиіс Фот: Тұрар Қазанғапов ©

Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов Президенттің халыққа Жолдауына қатысты сөйлеп, ел басшысының шешімдерін Үкімет мүшелері мен әрбір мемлекеттік қызметкер басшылыққа алуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент ұсынған саяси реформалар, тереңін айтсақ, бұл – мемлекеттік құрылысты нығайтудың жаңа тарихи кезеңі әрі "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" ұстанымының айқын көрінісі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік аппараттың бюрократияға салынбай, осындай күрделі кезеңде жауапкершілік ала отырып, тиісті шешімдерді уақытылы қабылдауға ерекше назар аударды. Мұны Үкімет мүшелері мен әрбір мемлекеттік қызметкер басшылыққа алуы тиіс", - деді премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол Жолдауда айтылған бастамалар ұлт мүддесіне толық сәйкес келетінін айтты. Оның айтуынша, Жолдауды халық ерекше ықыласпен қабылдап жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауын жасаған болатын.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
ОТПРАВИТЬ
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама