07 апреля 2020 | 18:52

Су тасқыны болуы мүмкін өңірлер аталды

Даурен Ерболат Журналист

Төтенше жағдайлар комитеті еліміздің қай өңірлерінде су тасқыны болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар комитеті еліміздің қай өңірлерінде су тасқыны болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс аумақтарында су тасқыны қаупі бар. Бірақ қазіргі таңда жағдай тұрақты.

Реклама
Реклама

"Су тасқыны Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында болуы ықтимал. Оның алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су өткізу құбырларын тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Олар мұзды тазарту, еріген суды бұру және сору, бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өзендерде жарылыс жұмыстары да жүргізіліпті.

"Еліміздегі барлық өзенде 138 жарылыс жасалды, 14,73 тонна жарылғыш зат пайдаланылды. 11 мың 807 шақырым арықтар мен арналарды тазалау жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өңірлерде су тасқыны қаупін алдын алу мақсатында қорғау бөгеттері салынған.

"Өңірлерде 168 мың 435 шақырым қорғау бөгеттерін салынды. Су тасқыны қаупі жоғары 426 шақырымға созғылған өзен арнасының жағалары бекітіліп, түбі тереңдетілді. 186,7 шақырым су бұру арналарын орнату, еріген суларды сору бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - делінген хабарлама.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная