Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 июня 2018 12:13

"Суық сарайда тұрған, қорегі макарон болған". 9 жыл құлдықта өмір сүрген қыздың оқиғасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Алматы облысында үш жасында анасымен бірге құлдыққа түскен Дильназ Ташкенбаева 11 жасына дейін құлдықта кімдер және қай жерде ұстағанын айтты, - деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы


Алматы облысында үш жасында анасымен бірге құлдыққа түскен Дильназ Ташкенбаева 11 жасына дейін құлдықта кімдер және қай жерде ұстағанын айтты, - деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы

Телеарна мәлметінше, кәмелетке толмаған қыздың анасымен суық сарайда тұрған, қорегі тек макарон болған. Өз оқиғасын баяндап берген қыз көзіне бір тамшы жас та алмаған, себебі жастайынан тағдырының осыншалық қатал болуы, оның әлсіздікке жол бермеуі заңдылық болып кеткендей. 

2009 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында нәпақа іздеп барған әйел тоғыз жыл бойы құлдықта қалып қойған. Осы уақыт бойында әйел тағы үш бала тапқан. Биыл қыста ол ауырғаннан кейін құлдықта ұстағандар оны қуып жіберген. Онысымен қоймай, "ешкімге тіс жарып айтушы болмаңдар, біреуге айтсаңдар зиян шегесіңдер, жындыханаға жатқызып тастаймын" деп қорқытқан. Дильназ Ташкенбаеваның айтуынша, ауыл шаруасында өздері секілді тағы 12 адам құлдықта жүр екен. Барлығы да қорыққаннан жүргенін айтады.

Шарасыз әйел өз әке-шешесінің үйіне қайтып барып, пана сұраған. Әке-шешесі "төрт баланы асырауға шамамыз жетпейді" деген соң әйел адам тұңғышынан бас тартады. Жазу-сызуды білмейтін 11 жастағы қыздың жағдайын көрген нағашылары, оның анасынан "уақытша аға-жеңгесімен тұруына рұқсат беремін" деген қолхат жазып берген. Қазіргі уақытта Дильназ туыстарының үйінде тұрып жатыр, алайда ол үйде тағы төрт бала бар, үйде бір адам ғана жұмыс істейді екен.

Ендігі мәселе Дильназды балалар үйіне беріп қоймау, себебі құзырлы органдар анасының қызынан бас тартқанын растап отыр. Әкесі жоқ, ал анасының құжаттары дұрыс емес. 

"Наргиздің, яғни анасының құжаттары жоқ. Жоқ болған соң біз ешқандай заңды әрекеттер жасай алмаймыз. Ата-аналық құқықтан айыруға, қорғаншыларға табыстауға мүмкіндік жоқ", - дейді Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің балалар құқығын қорғау және қорғаншылық секторының меңгерушісі Ақмарал Манасбаева.

"Он бір жасында әріп танымайтын Дильназды білім бөліміндегілер интернатқа орналастырған. Қазір демалыс болған соң жақындарында көрінеді. Алайда, құжат рәсімделіп, қамқоршы іздейтін болса, отбасының барлық жағдайы ескеріледі екен. Сондықтан, аядай бөлмеге төрт баласын әрең сыйдырған әулетке Дильназды үкімет бермесі анық", - дейді телеарна тілшілері. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети