06 апреля 2020 | 12:35

"Тағы да ескертемін". Министр кімдер 42 500 теңге ала алмайтынын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Табысы жоғары азаматтар, қазір жұмысы бар, бірақ қосымша жеке кәсіпкер ретінде құжат рәсімдегендер (қосымша жеке кәсіпкерлік ашып қойғандар), декретте отырғанына әлі бір жыл толмаған аналар, бұрын кәсібі болмаған мүгедек жандар 42 500 теңге ала алмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Табысы жоғары азаматтар, қазір жұмысы бар, бірақ қосымша жеке кәсіпкер ретінде құжат рәсімдегендер (қосымша жеке кәсіпкерлік ашып қойғандар), декретте отырғанына әлі бір жыл толмаған аналар, бұрын кәсібі болмаған мүгедек жандар 42 500 теңге ала алмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қашықтан жұмыс істеп жатқан азаматтар бұл жәрдемақыны ала алмайды. Ал жұмысынан шығып кеткен, қысқарып қалғандар сақтандыру қорынан төлем ала алады. Сонымен қатар, қазір бейресми жұмыс істеп жатқан азаматтар бір рет БЖТ (ЕСП) төлей салып, бұл жәрдемақыны ала алмайды.

Реклама
Реклама

"Қазір ЕСП (бірыңғай жиынтық төлем - авт.) төлей салсам, бұрын төлемегенмін, мен де бейресми жұмыс істеп жүрген азамат ретінде ала салатын шығармын деген кісілерге айтарым, егер сіз қазір жұмыс істеп жүрсеңіз, жеке кәсіпкер болсаңыз немесе басқа әлеуметтік төлемдер алып жүрсеңіздер, ақыры беріп жатыр, ала саламын деген болмайды ", - деді министр.

Сонымен қатар, төтенше жағдайдан кейін БЖТ (ЕСП) төлей салып, өтініш берген мүгедек жандар да ала алмайды. Тек төтенше жағдайға дейін кәсіппен айналысып, қазір қызметі тоқтап қалған мүгедектер ғана ала алады.

"Мысалы, мүгедек жандар. Төтенше жағдайға дейін кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кісілер бар, ЕСП төлеп жүрген кісілер бар. Олар 42 500 теңгені ала алады. Бірақ енді төтенше жағдайдан кейін енді тіршілікпен айналысайын деп, ЕСП төлеп, 42 500 теңгені алуға болмайды", - деп түсіндірді министр.

Декретте отырғанына бір жыл толмағандар 42 500 теңге ала алмайды. Себебі олар бала бір жасқа толғанға дейін мемлекеттен жәрдемақы алады.

Министрдің айтуынша, жаңа төлемақыны алуға табысы жоғары 500 мың - 1 миллион теңге алатын азаматтар да өтініш білдірген. Бірақ оларға бұл жәрдемақы берілмейді.

"Осы 42 500 теңгені шынайы, жұмыс істеп, тіршілік жасап жүріп, бейресми болсын, ресми болсын, табыстан айырылған кісілер алса екен дейміз. Қазір табыс көзі жоқ. Жанұясын асыруға ақшасы жоқ. Төтенше жағдай осындайға алып келді. Шынайы адамдар алса дейміз. Себебі мен сіздерге бір мысалды келтірейін. Алғашқы күні жұма, сенбі күндері 412 мың адамнан қабылдаған кезде тексеріс жасап көрдік. 1873 адам "мен табысымнан айырылдым, қазір ақшам жоқ" деп өтінішін берген. Бірақ біз өзіміздің ақпараттық жүйелерімізді қарап келсек, қаңтар, ақпан, наурыз айларында орта есеппен 500 мыңнан жоғары миллионға дейін табысы бар азаматтар. Олардың 16 наурыздан табысы, ақшасы қалмай қалды. Бұл енді дұрыс емес шығар. Біз сіздерден кешірім сұраймыз. Уақытыңызды бөлдіңіздер. Сайтқа кіріп, өтініш жасадыңыздар. Бірақ сіздерге бұл 42 500 теңге әзір төленбейді", - деді Нұрымбетов.

Содан кейін ведомство басшысы бұрын жеке кәсіпкерлік (ИП) ашып қойған, бірақ басқа тұрақты жұмысы бар және қазір жұмысы тоқтамағандардар да 42 500 теңге ала алмайтынын айтты.

"Тағы да ескертіп айтамын. Басқа жұмысы бар азаматтар. Жай, болашақта керек болып қалар деп ИП ашып қойған кісілер де бар екен. Қазір өздері жұмыс істеп жатыр. Ақыры беріп жатыр ғой деп ИП арқылы өтінішті бергені дұрыс емес. Ол да бізде ақпараттық жүйеде бар. Ондай өтініштер өтпейді. Сіздердің тарапыңыз жалақы алып жүріп, ИП ашып қоя салғандар өтініш бермегендеріңіз әділ шығар", - деді министр.

Айта кетейік, қазір 42 500 теңге алуға өтініш білдіретіндердің банктерде есепшоты болмағандықтан қиындық шығып жатыр. Осы орайда министр өтінішті ешқандай есепшот көрсетпей, тапсыра беруге болатынын айтты.

Есепшот ашу мәселесі. Еңбек министрі банктерге үндеу жасады

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 584-ке жетті. 44 науқас жазылды, 6 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная