ПОДЕЛИТЬСЯ
28 октября 2024 | 13:13
Танымал ақын Құрманай Бақтиярқызы қайтыс болды
Мәдениет саласының үздігі, ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәдениет саласының үздігі, ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы продюсер Гүлзира Айдарбекова хабарлады.
"Жаным Құрмашым, әлі сенер емеспін, жақсы адамым! Жаның жәннатта болсын! Жақында ғана Құрмашым телефон соғып, дауысы саңқ ете қалды: Гүлім менің…, саған арнап жаздым ватсабыңды оқышы деп, жіберіп еді, қоштасқың келіп, айта-айта жүрсін дедің ба екен", - деп жазды ол.
Еске салайык, бұған дейін ақын Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатқаны хабарланған болатын. Бұл туралы эстрада әншісі Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Сонымен қатар, Құрманай Бақтиярқызы жетінші рет ота жасатқанын айтқан болатын.
"Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші рет ота жасалды, төрт күн өту керек, сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады деген, дәрігердің сөзін естіген достар барлығына дайын тұрған. Мынау жарық дүниені менсіз елестете алмайтын жан досымның сағынып көріскен қуанышы", - деп жазған еді ақын.
Показать комментарии
Читайте также