16 мая 2024 | 12:53

"Тауық қораны 8 млн теңгеге бағалаған". Павлодарлық шенділер ірі көлемде қаржы жымқырған

Фото: Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен

Павлодар облысындағы алты ауданның мансап орталықтары қоныс аударуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырғаны анықталды. Мемлекетке келген шығын 600 миллион теңгеге бағаланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Аудандық мансап орталықтары (бұрынғы жұмыспен қамту орталықтары - еск.) оңтүстік өңірлерден көшіп келген отбасыларға ауылдағы иесіз қалған ескі үйлерді 500 мың теңгеге сатып алып берген.

Реклама
Реклама

Фото: massaget.kz

Ал құжат жүзінде оны 8 миллион теңгеге дейін бағалаған. Тіпті кейбір жағдайда мүлде келмеген адамдардың атына баспана рәсімдеген.

Фото: massaget.kz

"Жекелеген жағдайларда мансап орталықтарының қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлеріне барып адамдарды тауып, олармен белгілі бір сомаға келісіп құжат рәсімдеген. Іс жүзінде ол адамдар бұл жаққа мүлдем келмеген. Ал ол отбасыларға Павлодар облысында баспана алып бердік деп құжат толтырған. Алған үйлері ескі қираған, тіпті тауық қора деп айтуға болады. 500 мың теңгеге сатып алып оны 8 миллион теңге деп көрсеткен. Ұлттық жоба формалды түрде іске асырылды", - дейді Павлодар облысы прокурорының көмекшісі Асхат Әтікеев.

Прокуратура қазір қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аудару үрдісі жүріп жатыр.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram