09 июля 2020 | 19:00

Тікұшақ түсірілген видеоның мән-жайы анықталды. Күннің басты жаңалықтары

9 шілдеде қазақстандықтар тағы бір қайраткерінен айырылды. Танымал композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден өтті. Сондай-ақ, бүгін елімізде қанша адамның пневмониямен ауырып жатқаны белгілі болды. Одан бөлек, министрлік тікұшақпен у шашып жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Tengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

9 шілдеде қазақстандықтар тағы бір қайраткерінен айырылды. Танымал композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден өтті. Сондай-ақ, бүгін елімізде қанша адамның пневмониямен ауырып жатқаны белгілі болды. Одан бөлек, министрлік тікұшақпен у шашып жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Tengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады.

COVID-19 жұқтырғандар 53 мыңнан асты

Реклама
Реклама

Соңғы бір тәулікте елімізде тағы 1962 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 021-ге жетті. Кеше вирус табылғандардың ішінде симптоммен 753 адам, симптомсыз 1209 адам тіркелген.

Аймақтар бойынша (жалып/симптомсыз, бір тәулікте):
Нұр-Сұлтан қаласы - 120 / 65
Алматы қаласы - 177 / 46
Шымкент қаласы - 61 / 25
Ақмола облысы - 35 / 27
Ақтөбе облысы - 89 / 38
Алматы облысы - 81 / 56
Атырау облысы - 658 / 532
Шығыс Қазақстан облысы - 113 / 43
Жамбыл облысы - 57 / 47
Батыс Қазақстан облысы - 91 / 34
Қарағанды облысы - 150 / 108
Қостанай облысы - 111 / 71
Қызылорда облысы - 28 / 20
Маңғыстау облысы - 70 / 53
Павлодар облысы - 57 / 26
Солтүстік Қазақстан облысы - 36 / 7
Түркістан облысы - 28 /11.

Жалпы, бүгінде вирус жұқтырып, аурудан айыққандар саны 35 137-ге жетті, ал 280 адам көз жұмған.


Фото:elements.envato.com 

Тікұшақпен у шашып жатыр ма?

Соңғы күндері Желіде қала үстінен тікұшақпен у шашып жатыр деген мағынадағы ақпараттар жиі талқыланып жүр. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеода әскери тікұшақтардың әуеден у шашып жатқаны айтылады.

Бірақ Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың бәрін жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елді мекендерге дезинфекция затын шашу үшін әскери тікұшақтардың қолданылғаны туралы ақпарат айтылған видео пайда болды. Қорғаныс министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды", - деді ведомствода.

Әскери авиация техникасы дезинфекциялау жұмыстарына қолданылмайтыны, тек орман мен дала өрттерін сөндіру іс-шараларына жұмылатыны айтылды. Мұндай жағдайларда арнайы су төгілетін құрылғылар қолданылады. Олар бір затты шашуға арналмаған, тек қоймалардан су жинап, оны төгуге қолданылады екен.

Кеңес Дүйсекеев өмірден өтті

Бүгін Қазақстан тағы бір қайраткерінен айырылды. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды.

Атақты сазгердің қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды өнердегі әріптестері жеткізген. Алғашқылардың бірі болып Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook желісіндегі парақшасында көңіл білдірді.

"Белгілі өнер саңлағы, әйгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Қазақ музыка өнерінің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген атақты композитордың шығармалары, әндері мен әуендері туған халқының жадында, жұртының жүрегінде мәңгі сақталатыны ақиқат. Композитор Кеңес Дүйсекеев "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, "Қазақконцерт" бірлестігінің музыка жетекшісі, Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы сияқты жауапты басшылық қызметтерді атқара жүріп, артында мол шығармашылық мұра қалдырды. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқысын", - деп жазды Балаева.

Композитордың неден қайтыс болғаны белгісіз.

Қазақстанда қанша пневмониямен ауырып жатыр?

Денсаулық сақтау министрлігі биыл Қазақстанда пневмониядан қанша адам қайтыс болып, қанша адамның ауырып жатқанын айтты.

Министрлік мәліметінше, 2020 жылдың 29 маусымы мен 5 шілдесі аралығында 32083 пневмония және 9402 коронавирус инфекциясы тіркелген.

8 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда 40 257 адам пневмониямен ауруханада емделіп жатыр екен. Оның 1013-і - балалар.

Бұл науқастардың басым бөлігіне пневмония диагнозы қойылған, бірақ коронавирус табылмаған. Дәлірек айтқанда пневмониямен ауруханаға түскен 30 734 адамнан COVID-19 да анықталған.

Теңіз кен орнында 2 мыңнан аса жұмысшы вирус жұқтырған

Елімізде коронавирус тарағалы Теңіз кен орнындағы ахуал ушығып тұр. Сол кезде кен орнының бірнеше жұмысшысынан COVID-19 табылған болатын. Бүгінде жағдай жақсармаған.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Теңіз кен орнында қанша жұмысшы коронавирус жұқтырғанын айтты.

Оның сөзінше, Атырау облысындағы кен орында 8 сәуірден бастап COVID-19 вирусын жұқтырудың 2 160 дерегі тіркелген.

"Оның ішінде Атырау облысының 1 809 тұрғыны, демобилизацияланғандардың арасында 351 адам коронавирус жұқтырған. Инфекция ошағы Теңіз кен орнындағы 36 вахталық кентте және 57 ЖШС-да тіркелді. Олар Теңізде жұмыс істейді", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қостанай әкімі коронавирус жұқтырды

Елімізде COVID-19 жұқтырған шенеуніктер саны артты. Бүгін Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында айтты.


Қайрат Ахметов / Instagram

Қайрат Ахметов коронавирусты анықтау арналған тест нәтижесі оң болғанын, сондықтан оқшауланатынын мәлімдеді. Алайда өңір басшысы жұмысын қашықтан істейтінін хабарлады.

"Қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз - шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау. Мұндай қиын жағдайда өз денсаулығын қорғауға саналы түрде қарау керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!", - деді Қайрат Ахметов.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная