15 июня 2021 | 09:27

"ТМД-да өршіп барады". Алексей Цой елдегі эпидахуал туралы айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирус таралуы бір аптада 16 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирус таралуы бір аптада 16 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

Цойдың айтуынша, соңғы бірнеше аптада ТМД елдерінде коронавирус өршіді, алайда Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай әзірше тұрақты.

"15 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда бүгінге дейін ПТР арқылы расталған 402 996 жағдай тіркелді, олардың 94 пайызы жазылып, 4 180-і қайтыс болды. Республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың толығуы - 23 пайыз, жансақтау төсек-орындарының 21 пайызы толған", - деді Цой.

Реклама
Реклама

Министрдің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы 6 маусымнан бері "жасыл" аймақта. Еліміз бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана тұр, қалған өңірлер "сары" және "жасыл" аймақта. Цойдың айтуынша, елдегі эпидахуал жақсаруына вакциналаудың да оң ықпалы байқалып отыр.

"Елімізде 4 миллион доза вакцина салынды. Олардың 2,55 миллионы - бірінші компонент, 1,44 миллионы - екінші компонент. Алайда, вирус жұқтырғанын біле тұра карантин шараларын бұзатындар бар, сол үшін әкімшілік жаза бар, айыппұл мөлшері 87 мың теңгеден асады", - деді Цой.

ТМД-дағы эпидахуалды ескерген премьер-министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі мен әкімдерге тапсырма беріп, елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау керегін айтты.

"Әсіресе елорда әкімдігі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен вакциналауға ерекше назар аударсын. Маска тағу режимі әсіресе, жабық жерлерде қатаң сақталуы керек. Мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілсін. Өздеріңіз білетіндей, көршілес елдерде аурудың өршуі байқалады, сондықтан қосымша профилактикалық шаралар қабылдау қажет. Ең алдымен, вакцинамен қамтуды кеңейту. Сондай-ақ, вакциналаудың күнделікті мөлшерін арттыру керек", - деді Мамин.

Кейінгі тәулікте 757 адамнан коронавирус анықталды


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная