ПОДЕЛИТЬСЯ
04 ноября 2021 | 11:13
Тоқаев: Қазақстандағы қалалардың 30 пайызы - моноқалалар
Екібастұз қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 пайызы - моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл - халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды.
"Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу - аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ", - деді ол.
Кеңес барысында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр еліміздегі моноқалаларды дамыту бойынша баяндама жасады.
Показать комментарии
Читайте также