11 марта 2020 | 18:56

Тоқаев Қытай билігінен Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне гуманизммен қарауды сұрады

Ақжарқын Тұрлыбай адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовпен

6 жыл бұрын Қытайда есірткі затын шекарадан өткізбек болды деген айыппен ұсталып, кейін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай елге оралуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

6 жыл бұрын Қытайда есірткі затын шекарадан өткізбек болды деген айыппен ұсталып, кейін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай елге оралуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жаңалықты бүгін Сенат кулуарында еліміздің бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты.

Реклама
Реклама

"Бізде ҚХР-мен келісімшарт бар. Қазір процесс жүріп жатыр, бірақ үкім күшіне енген жоқ, себебі екінші тарап шағым түсірді. Ол үкім күшіне енген соң Ақжарқын уәкілетті органдарға өтініш жазса, біз Қытайдың уәкілетті органдарымен жазасын бізде өтеу мәселесін талқылаймыз", - деді Марат Ахметжанов.

Сондықтан, Ахметжановтың айтуынша, ҚХР сотының соңғы шешімі шыққанда үкім заңды күшіне енуі керек екен.

"Егер ол қылмыс жасаған болса, ол қылмыс біздің елде де қылмыс болып саналса, Ақжарқынды қалған жазасын елде өтеуі үшін келіссөздер жүргіземіз", - деді ведомство басшысының орынбасары.

Кейін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін тұрақты бақылауында екенін хабарлады.

"Қытайда сотталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайды елімізге қайтару мәселесі бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында тағы да талқыланып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев жақында елімізге сапармен келген Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі Ян Цзечимен әңгімелесу барысында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты мәселені тағы да көтергенін айта кеткен жөн", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісінде.

Сонымен қатар, ол Тоқаевтың былтырғы қыркүйек айында Бейжіңге жасаған сапарында ҚХР басшылығын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне гуманизммен қарап, оны Қазақстанға қайтару мәселесіне ықпал етуге шақырғанын айтып өтті.

Ал Сыртқы істер министрлігі мен құқық қорғау органдарына Қасым-Жомарт Кемелұлы қытайлық әріптестерімен өзара іс-қимылдарды жалғастыруды тапсырған. 

Ақжарқын Тұрлыбай ісі қалай басталған?

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Қытай мемлекеті оны 4,5 келі синтетикалық есірткі тасымалдады деп айыптаған. 2 сәуірде 20 жастағы қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай есірткі тасымалдады деген күдікпен Гуанчжоу қаласында тергеу изоляторында отырғаны хабарланған. Туыстарының айтуынша, олар Ақжарқынмен соңғы рет сол жылы 9 наурызда сөйлескен. Артынан аяқ астынан байланыс үзілген. Ақжарқынның ата-анасы қыздары алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған. 

Ақжарқынның бұл шетелге алғаш шығуы болған. Сәнді киім курьері болуға оны құрбысы көндірген. Ақжарқынды Алматы қаласында жұмыс істейтін Алена және Джонни есімді азаматтар Қытайға киім тасымалдауға жіберген. Бірақ шабаданның ішінен есірткі шыққан. Айыпталуышының ата-анасы тегін құқық қорғаушыдан бас тартып, тәжірибелі, мықты адвокатқа қаражат жинаған. 2014 жылы тамызға қарай істі елшілік ұсынған екі адвокат қолына алған. Бұл туралы Қазақстанның Қытайдағы сол кездегі елшісі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеген. 

Ал 2015 жылы 15 маусымда сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырған. Артынша Ақжарқынды елге экстрадициялау мәселесі де қозғалған. 2011 жылы Қытай мен Қазақстан арасында сотталған адамдармен алмасу туралы келісім болған. Қазақстан тарапы келісімді ратификациялағанымен, Қытай елі әлі шешім қабылдамаған. Тиісінше Ақжарқын Тұрлыбайды елге экстрадициялауда мәселелер туындаған.

Қытай түрмесінде Ақжарқын Тұрлыбай йога мен ағылшын тілін үйретіп жүр

Ал былтыр 27 желтоқсанда Гуанжоу соты қазақстандықтың ісін қайта қараған, алайда өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы жазасы өзгеріссіз қалған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная