10 января 2022 13:47

Тоқаев: Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болды

Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаскөйлер Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаскөйлер Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Президент ҰҚШҰ саммиті барысында мәлімдеді. 

"Діни радикалдар, қылмыстық элементтер, бандиттер, тонаушылар пайда болды. Қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік-саяси талаптар екінші, үшінші жоспарға айналды, олар ұмытылды. Кейін өз сәтін күтіп жүрген қарулы содырлар әрекетке кірісті. Олардың басты мақсаты анықталды - конституциялық қалыпты бұзып, басқару институтын тарату, билікті қолына алу. Біз мемлекеттік төңкеріс әрекеті туралы айтып отырмыз. Бұл әскери әрекеттерді бір орталық бақылап отырған. Алдын ала бәрі жоспарланған. Бұған ғимараттарға бір уақытта шабуыл жасағандары дәлел бола алады", - деді Мемлекет басшысы. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ҰҚШҰ саммиті онлайн өтіп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram