ПОДЕЛИТЬСЯ
22 октября 2020 | 12:17
Тоқаев солтүстікке қоныс аударатындардың жәрдемақысын екі есе арттыруды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстіктен солтүстікке - ел ішіндегі миграцияның тиімділігін атап, көшетін отбасыларға берілетін жәрдемақыны 70 АЕК-ке дейін көбейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстіктен солтүстікке - ел ішіндегі миграцияның тиімділігін атап, көшетін отбасыларға берілетін жәрдемақыны 70 АЕК-ке дейін көбейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ел ішіндегі миграциялық үдерістерді реттеу ісінің тиімділігін арттыра түсу қажет. Бұл ең алдымен азаматтарымызды еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіруге қатысты. Осы мәселеге Ұлттық кеңесте бірнеше рет көтерілді. Оны кешенді түрде шешу үшін:
біріншіден, электронды еңбек биржасының базасында бірыңғай ақпараттық ресурс: enbek.kz құру керек. Көшіп барушылар мемлекеттің көрсететін қолдауы жөніндегі барлық ақпаратты тікелей әрі жедел алу қажет;
екіншіден, қазіргі көшуге қатысты мәселелерді оңайлатқан жөн. Мемлекет мигранттарға барынша қолайлы жағдай жасауға тиіс. Жақында мен жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болдым. Бұл өңір демографиялық өсімі ең баяу аймақтың бірі болғанымен, қоныс аударушыларды тарту жағынан жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Аймақта көшіп келушілерге арналған жаңа тұрғын үйлер салынуда. Сонымен қатар, коммуналдық инфрақұрылым дамып, әртүрлі әлеуметтік нысандар бой көтеруде.
Мигранттарды ынталандыратын қосымша шара ретінде оларға берілетін жәрдемақының мөлшерін екі есеге, яғни 35 АЕК-тен 70-ке дейін көбейткен жөн деп санаймын. Үкіметке бір айдың ішінде осы мәселені зерттеп, тиісті шешім қабылдауды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында.
Еске салайық, жалпы былтыр Солтүстік Қазақстан облысына Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 2 мыңнан аса адам қоныс аударған. Олардың бәрі баспаналы болып, отбасы мүшелері жәрдемақы алды.
Солтүстік аймаққа 2017-2019 жылдары 5 119 отбасы немесе 18 379 адам, оның ішінде 2019 жылдың 10 айында 2 266 отбасы немесе 8 168 адам қоныс аударды. Көшіп келгендердің жалпы саны 3 037 отбасы - еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушылар болса, 2 082 отбасы - шетелден көшіп келген оралмандар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также