18 августа 2021 | 09:43

Цой елде әлі де коронавирустан үйде емделетіндер барын айтты

Камила Долаева Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында Қазақстанның эпидахуалы кейінгі үш аптада тұрақталып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында Қазақстанның эпидахуалы кейінгі үш аптада тұрақталып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда кейінгі тәулікте 7034 адамнан коронавирус анықталды, 7 416 адам жазылып шықты. Түркістан облысынан басқа өңірлердің барлығы "қызыл" аймақта. Алайда Цойдың айтуынша, кейінгі үш аптада елімізде эпидахуал біртіндеп тұрақталып келеді.

"Аптасына орташа есеппен 53 мың жаңа жағдай анықталады. 1 тамыздан бастап коронавирус таралу индексі 14 пайызға төмендеді. Ауруханалардағы төсек-орындардың 53 пайызы бос емес, ал реанимациялық орындардың 47 пайызында науқастар жатыр. Инфекциялық төсектері салыстырмалы түрде бос емес өңірлер: Ақтөбе облысы - 69 пайыз, Қызылорда облысы - 66 пайыз, Алматы облысы - 64 пайыз", - деді Цой.

Реклама
Реклама

18 тамыздағы мәлімет бойынша, жалпы 120 313 адам коронавирус инфекциясынан (115 214 КВИ+ және 5 099 КВИ-) емделіп жатыр. 

Цойдың айтуынша, тәулік басында реанимацияға түскендердің үлесі - 40 пайыз. 

"Бұл өте жұқпалы "дельта" штамы мен адамдардың өзін-өзі емдеуі, медициналық көмекке уақытылы жүгінбеудің салдары", - деді министр. 

Бүгінде Қазақстанда вакцинаның бірінші компанентін 6,1 миллион адам, екіншісін 4,8 миллион адам алған. 

"Вакцинация бойынша көш бастап тұрған алты өңір: Алматы, Шымкент, Түркістан облысы, СҚО, ШҚО, Қызылорда облысы. Ал бірінші дозаны алғандар саны ең аз өңір - Маңғыстау облысы (35 пайыз)", - деді Цой. 

Ол барлық өңірге қытайлық Sinopharm шығаратын вакцинаның бірінші партиясы жеткізілгенін айтты. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная