10 сентября 2020 | 12:55

Цой карантин талабы қандай жағдайда күшейетінін айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин талабы қандай жағдайда күшейетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин талабы қандай жағдайда күшейетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин талабын күшейтудің бірнеше өлшемі бар.

Реклама
Реклама

"Басты өлшемнің бірі - ауруханалардағы төсек орындарың 70 пайызға толуына байланысты. Егер төсек-орындарда орын жетіспеушілігі туындаса, бұл мәселені мемлекеттік комиссияның отырысында көтереміз. Ал қазіргі таңда төсек орындар 15 пайызға толған. Бүгінгі таңда біз елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылап отырмыз. Қазіргі таңда жағдай тұрақты", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Аурудың тәуліктік өсімі 0,1 пайыз - Тоғжанов коронавирус туралы

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 498-ге жетті. 100 042 науқас дертінен айықты, 1 646 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, 1 тамыздан бері коронавирус белгісі бар 28 228 дерек тіркелді, 316 науқас аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная