29 июня 2021 | 09:21

Цой Қазақстанда эпиджағдай қаншалықты нашарлағанын айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирус тарауы бір аптада 39 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирус тарауы бір аптада 39 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

"29 маусымдағы жағдай бойынша, елімізде коронавирус жұқтырудың 421 121 дерегі тіркеліп, 4336 адам көз жұмды. Қазақстан 26 маусымнан бері "қызыл" аймақта. Ал, республика бойынша бес өңір "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстары. Қалған өңірлер "сары" және "жасыл" аймақта. Кейінгі аптада коронавирус жұқтыру 39 пайызға артты", - деді министр.

Цойдың мәліметтері бойынша, 29 маусымдағы жағдайға сәйкес, республикада инфекциялық төсек-орынның 27 пайызы, жансақтау төсек-орнының 24 пайызы толған.

Реклама
Реклама

"Эпидемиологиялық жағдай нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары қатаңдады. Еліміз бойынша 5,2 миллион доза вакцина салынды, олардың ішінде бірінші компонент - 3,25 миллион, екіншісі - 1,95 миллион", - деді Цой.

Айта кетейік, 2021 жылғы 29 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 3 246 795 адам салдырды, II компонентті 1 954 372 адам салдырды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная