ПОДЕЛИТЬСЯ
18 мая 2021 | 09:28
Цой Қазақстандағы эпидахуал қандай екенін айтты
Қазақстанда коронавирустың таралуы айтарлықтай әлсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда коронавирустың таралуы айтарлықтай әлсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша 221 елдің ішінде 105-орында тұр, ал қайтыс болғандар көрсеткіші бойынша 106-орында.
"18 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда бүгінге дейін ПТР арқылы расталған 362 030 жағдай тіркелді, олардың 88 пайызы жазылып, 4 095-і қайтыс болды (...) Қазіргі таңда коронавирустың таралу қарқыны оң нәтиже көрсетіп отыр, аурудың таралуы төмендеп, жағдай біртіндеп қалыпқа түсіп келеді. Соңғы екі аптаны алдыңғы екі аптамен салыстырғанда, коронавирустың таралуы 20 пайызға төмендеді. Республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың толығуы - 36 пайыз, жансақтау төсек-орындарының 28 пайызы толған", - деді Цой.
Цойдың мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы "сары" аймақта. Еліміз бойынша "қызыл" аймақта алты өңір бар - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, БҚО, Қарағанды, Ақмола, Атырау облыстары. "Сары" аймақта - Қостанай, Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласы. "Жасыл" аймақта - Түркістан, СҚО, ШҚО, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстары. Елімізде 2,6 миллион доза вакцина салынған. Олардың 1,8 миллионы - бірінші компонент, 778 мыңы - екінші компонент.
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны айтарлықтай азайды
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также