25 мая 2021 | 09:37

Цой Қазақстандағы эпиджағдай қандай екенін айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алексей Цойдың Үкімет отырысында баяндаған мәліметтеріне сәйкес, елімізде коронавирустың таралуы айтарлықтай төмендеген.

"Қазіргі таңда коронавирус таралу қарқынының бәсеңдегені байқалады және эпидемологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келеді. Соңғы бір айда тіркелген жағдайлар көрсеткіші 20 пайызға төмендеді. Республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың толымдығы 33 пайызды көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш айдың басындағы көрсеткіштен 8 пайызға төмен. Сонымен қатар, ел бойынша жансақтау төсек-орындарының толымдығы 2 пайызға азайған", - деді министр.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, ауруханаларда емделіп жатқандар қатары да сиреген, сондай-ақ, COVID-19 жұқтырып жазылғандар саны жұқтырғандардың күнделікті көрсеткішінен жоғары, бұл да жағдайдың оңалғанын көрсетіп отыр.

"Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан "сары" аймақта тұр. Республика бойынша "қызыл" аймақта: Атырау, Ақмола, Қарағанды облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары. Ал, БҚО "қызыл" және "сары" аймақтың шекарасында тұр. "Сары" аймақта СҚО, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласы бар. "Жасыл" аймақта бес өңір - Түркістан, Қызылорда, ШҚО, Жамбыл және Алматы облыстары", - деді Цой.

Цойдың мәліметтері бойынша, Қазақстанда шамамен 3 миллион адамға вакцина салынған, олардың ішінде 2 миллионнан аса адамға - бірінші компонент, 950 мыңға жуық адамға - екінші компонент.

Сонымен қатар, министр Қазақстан аумағында тіркелген коронавирустың жаңа штамдары туралы айтты. Цойдың мәлімдеуінше, үнді штамы елімізде тіркелмеген.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная