ПОДЕЛИТЬСЯ
01 октября 2020 | 18:30
Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны неге салдырмағанын айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны неге алмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны неге алмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің қазақстандық вакцинаға үмітіміз зор. Клиникаға дейін зерттеулер сәтті жүргізілді. Жақсы нәтиже де бар. Клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші фазалары іске қосылды. Қазір еріктілерді алдық. Вакцинациялауды жүргізіп жатырмыз. Біз бірінші, екінші фазалардың қорытындысын қараша-желтоқсанда алатын шығармыз. Осылайша, біз вакцинаның қаншалықты тиімді және қауіпсіз екенін білеміз", - министр ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, ол елімізде вакцина шығаратын зауыттың құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Оның қуаты Қазақстанды вакцинамен қамтамасыз ете алады. Егер вакцина сәтті әзірленген жағдайда, ол Қазақстанда шығарылады", - дейді Цой.
Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина қымбат болмайды.
"Оның құны шамамен 2-3 доллар (858-1288 теңге)", - деді ол.
Сондай-ақ, Алексей Цой қазақстандық вакцинаны салдырмағанын атап өтті.
"Біз клиникалық зерттеудің нәтижесін күтіп отырмыз. Ол шыққан кезде кеңес береміз немесе өзіміз екпе аламыз... Мен екпені (коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина - ескерту) салдырғаным жоқ. Біз оның тиімділігін, адамдарға қалай әсер ететінін әлі білмейміз. Қазіргі таңда (коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны алған - ескерту) әріптестеріміз жағдайы жақсы екенін айтады. Біз олар үшін қуаныштымыз", - дейді министр.
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина жақсы нәтиже көрсетіп жатыр - ДСМ
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также