22 июня 2021 | 09:30

Цой "үнді" штамына байланысты мәлімдеме жасады

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс

Денсаулық сақтау министрі елде үнді штамы анықталды деген қауіпке байланысты халықты сақтануға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі елде үнді штамы анықталды деген қауіпке байланысты халықты сақтануға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда бүгінге дейін барлығы 410 523 адам коронавирус жұқтырып, 4 249 адам көз жұмған.

"Қазақстан "сары" аймақта, ал еліміз бойынша "қызыл" аймақта - Нұр-Сұлтан, қалған өңірлер "сары" және "жасыл" аймақта. Соңғы аптада коронавирус жұқтыру деректері 4 пайызға артты, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар санының 40 пайызға көтерілуімен байланысты. 22 маусымдағы жағдайға сәйкес, инфекциялық төсек-орын толымдығы еліміз бойынша - 25 пайыз, жансақтау төсек-орындарының 21 пайызы толық", - деді министр.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, министр Нұр-Сұлтанда тіркелген коронавирус деректерін тексеру барысында "дельта" немесе үнді штамының белгілеріне ұқсас жағдайдың тіркелгенін айтты. Министр бұл штамның өзгелерден айтарлықтай ауыр екенін ескертіп, осыған байланысты өңірлерден дәрі-дәрмек пен медициналық көмекке қажетті барлық жабдықпен қамтылуды сұрады. 

"Елімізде 4,5 миллион вакцина салынды, олардың 2,8 миллионы - бірінші доза, 1,7 миллионы- екінші доза. Десек те, Қазақстан аумағында үнді штамына ұқсас деректің анықталуына байланысты және эпидемиологиялық жағдайды тұрақты ұстап тұру үшін вакциналаудың қарқынын үдетіп, түсіндіру жұмыстарын белсенді өткізіп, карантин шараларын қатаң сақтау қажет", - деді Цой.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің елде "үндістандық" штамның болу ықтималдығын анықтағаны хабарланған еді.

"Дельта" немесе үнді коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60 пайызға жоғары, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

Сонымен қатар, вирусты жұқтырғандар буындар мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді, жүрек айнып, лоқсиды, ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін және аяқтардың микротромбозына әкеледі. Соңғы зерттеулер коронавирустың "үндістандық" штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты екенін көрсеткен.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная