24 февраля 2021 | 12:25

"Тістегеннің аузында". Депутат ҚазҰУ-дағы "жер сату" мәселесін көтерді

Фото:kaznu.kz

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Қазақ ұлттық университетіндегі жер мәселесіне қатысты сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Қазақ ұлттық университетіндегі жер мәселесіне қатысты сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүйсембинов оқу орнының аумағы 1,8 гектарға кішірейгенін айтты. 

"Қазақстанда жоғары білімнің қара шаңырағы болған Қазақ Ұлттық университетінің бүгінгі жанашыр түлектері мен қоғам белсенділері университетке тиісті жер аумағы көлемінің белгісіз себептермен кішірейгеніне байланысты алаңдап отыр. Жер құқығы бойынша сарапшы-заңгер Бақытжан Базарбектің мәліметіне сүйенсек, 2012 жылғы 30 қаңтардағы Алматы қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, университетке жалпы көлемі 73,26 гектар жер пайдалану құқығына берілген.

Әкімнің келесі қаулысына сәйкес, ұлттық университеттің жалпы жері үлестерге бөлініп, 72,48 гектар жер қалған. Оның ішінде Қазақ Ұлттық университетінің тікелей үлесін алсақ, 71,40 гектар жер қалады. Яғни, оқу орнының аумағы 1,8 гектарға тарылғанын байқаймыз. Осы жерде университет жері неге азайған деген сұрақ туындайды. Жастарымыздың игілігіне арналған жер ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кете бермек пе? Бұл мәселеге кімдер жауапты деген сұраққа өкілетті органдардан мардымды жауап болған жоқ", - деді депутаты Мәжіліс отырысында. 

Реклама
Реклама

Осы мәселе бойынша ол бас прокурор мен білім министріне сауал жолдады. 

"Мемлекет мүддесі мен жастардың білім алу болашағын ескере отырып, ҚазҰУ-ға тиесілі жер аумағынан учаскелер бөлініп шығарылғаны қаншалықты заңды екенін тексеріп, заңсыздық болған жағдайда жауапты адамдарды жауапқа тартуды сұраймыз", - деді Берік Дүйсембинов. 

Еске салайық, бұған дейін Желіде Алматыда ҚазҰУ-ға тиесілі жер учаскесі жеке тұлғаларға берілгені туралы ақпарат шыққан. Кейін оқу орнының басшылығы бұл мәселеге қатысты жауап берген.

"Университет те, ҚазҰУ қызметкерлері де жер учаскесінің бір бөлігін үшінші тұлғаларға табыстауға келісім бермеді және жер учаскесін басқа жолмен бөлісуге қатысқан жоқ. Айта кету керек, мүлік пен жер мемлекеттік актив саналады, сәйкесінше, университеттің оларды иелену, пайдалану және иеліктен шығару құқығы жоқ", - деген еді ҚазҰУ өкілдері. 

Кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жоғары оқу территориясын ешкім жекеменшікке бермейтінін мәлімдеген.

"Университет айналасындағы барлық аумақ университетке тиесілі. Егер ЖОО бұл жерді басқа біреуге бергісі келсе, онда ол әкімдікке "жер маған керек емес, оны кері қайтарып ал" деген ұсыныс айтуы керек. Қазір университетке жаңа ректор тағайындалды (Жансейіт Түймебаев - еск.). Біз онымен кездесіп, осы тақырып туралы сөйлестік. Ол жерді беру мүмкін емес, бұл дұрыс емес және бұл университетті дамыту үшін қажет деп нық айтты. Бұл - оның ұсынысы. Сондықтан бүгінде жоғары оқу орнының территориясын басқа біреуге беру туралы әңгіме жоқ екенін тағы айтқым келеді", - деп түсіндірді Сағынтаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная