ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ноября 2021 | 12:17
Тұмау, ЖРВИ және коронавирус симптомдарын қалай ажырату керек? Маман түсіндірді
Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Эльмира Битанова тұмау, ЖРВИ және коронавирус симптомдарын қалай ажырату керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Эльмира Битанова тұмау, ЖРВИ және коронавирус симптомдарын қалай ажырату керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Эльмира Битанова коронавирус, ЖРВИ, тұмау қоздырғыштары бір тұқымдасқа жататынын айтады.
"Иә, бұл үлкен мәселе. Негізі коронавирус жедел респираторлық жұқпаға жатады. Коронавирус, ЖРВИ, тұмау қоздырғыштары бір тұқымдастыққа жатады. Сондықтан олардың симптомы да өте ұқсас болады. Әсіресе тұмау мен коронавирустың белгілері қатты ұқсайды. Ал ЖРВИ-дің жеңіл түрлері болады, яғни суық тию. Олар жеңілірек өтеді. Негізгі айырмашылық: коронавирустың симптомдары өкпеге әсер етеді, ал тұмау жұқтырған жағдайда өкпеге қатысты симптомдар не мүлде пайда болмайды, не кешірек пайда болады. Бірақ ол салыстырмалы түрде болатын нәрсе, әр адамда әртүрлі. Сондықтан тұмау мен коронавирусты ажырату көп жағдайда мүмкін емес. Оны зертханалық диагноз, ПТР-тест арқылы анықтауға болады", - дейді Эльмира Битанова ӨКҚ брифингінде.
Маман коронавирусты ЖРВИ-ден қалай ажырату керегін айтты.
"Оны түшкіру арқылы анықтауға болады. Тұмау және коронавирус жұқтырғанда адам сирек түшкіреді", - дейді маман.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также