04 сентября 2020 14:51

Тұмауға қарсы екпені кімдер тегін ала алады?

Даурен Ерболат Журналист
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласы Алмалы ауданы медициналық-санитариялық алғашқы көмек беру орталығы педиатрия бөлімінің меңгерушісі Майра Макеева тұмауға қарсы екпені кімдер тегін ала алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тұмауға қарсы екпені 18 жасқа дейінгі созылмалы ауруы бар балалар, медицина қызметкерлері, жүктіліктің 1-3 аптасында жүрген әйелдер, балалар үйіндегілер, созылмалы ауруы бар мүгедектер, 60 жастан асқан тұрғындар тегін ала алады", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, педиатрия бөлімінің меңгерушісі тұмауға қарсы екпені алуға кеңес берді.

"Биыл пандемияға байланысты Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары тұмауға қарсы екпені алған дұрыс деп санаймын. Оны алсаңыздар, басқа инфекцияларға қарсы иммунитетіңіз күшейеді", - дейді Майра Макеева. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram