Тұрғындарға маңызды ақпарат: әкімдік астаналықтарға үндеу жасады
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен 22 наурызда тұрғындарға шаһарға кіріп-шығуға толық шектеу қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен 22 наурызда тұрғындарға шаһарға кіріп-шығуға толық шектеу қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тұрғындар үшін маңызды ақпарат. Елордаға кіруге және шығуға әзірше уақыт бар. Алдағы 72 сағатта авиа және теміржол қатынастары арқылы қаладан кетуге немесе келу үшін мүмкіндік беріліп отыр. Осы жылдың 22 наурызынан бастап, барлық санаттағы тұрғынға қала аумағына кіруге және шығуға толық шектеу қойылады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, жолаушылар пойызы қала арқылы арқылы өткенімен, олар тоқтамайды.
"Ал 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар пойызы, авиа және тағы басқа көліктердің жүруіне шектеу қойылады", - деді Бахтияр Макен
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37 адамға жетті. 19 науқас Алматыда, қалған 18-і Нұр-Сұлтанда.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап, елімізде төтенше жағдай жарияланды.