19 июня 2019 | 13:23

Түркістан облысына 1 жыл: Тарихи мекен қалай түрленіп жатыр

Осыдан 1 жыл бұрын 19 маусымда Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" заңға қол қойған еді. Түркістан - Қазақ хандығының астанасы болған, тарихы тереңде жатқан шаһар. Бұл қалада ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түрлі шешім қабылданған. Қазақтың небір ұлы тұлғалары дүниеге келген мекен. Tengrinews.kz тілшісі тарихи мекенде бір жылда атқарылған істерге шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Осыдан 1 жыл бұрын 19 маусымда Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" заңға қол қойған еді. Түркістан - Қазақ хандығының астанасы болған, тарихы тереңде жатқан шаһар. Бұл қалада ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түрлі шешім қабылданған. Қазақтың небір ұлы тұлғалары дүниеге келген мекен. Tengrinews.kz тілшісі тарихи мекенде бір жылда атқарылған істерге шолу жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев жарлыққа жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Түркістан облысының атауын өзгерту мен оның орталығын Түркістан қаласы деп бекітуінің себебін айтқан болатын.

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес бүгін мен қол қоятын жарлық Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін береді. Бұл әкімшілік бірлік еліміздегі он жетінші аймақ болады. Облыс орталығы ғасырлар бойы Қазақ хандығының және бүкіл түркі әлемінің саяси әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласына көшіріледі", - деген еді Назарбаев.

Келесі күні Жансейіт Түймебаев жаңа облыстың әкімі болып тағайындалған. Ал биыл ақпанда оның орнына Өмірзақ Шөкеев келген еді.


© akorda.kz

Өткен жылдың 29 қыркүйегінде Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындары алдында сөйлеген сөзінде жаңа Түркістан облысын құрудың және өңір орталығын Түркістан қаласына көшірудің тарихи әрі әлеуметтік-экономикалық мәніне тоқталған еді.

"Түркістанның халқымыз үшін айрықша маңызы бар. Бұл - Орталық Азиядағы ежелгі қалалардың бірі. 2000 жылы Түркістанның 1500 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өттік. Тарихымыздың қилы кезеңдерінде мұнда бүкіл ұлтымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданған. Түркістанда халқымыздың көптеген белгілі тұлғалары жерленген. Жалпы, қала тарихы - барша қазақтың тарихы", - деді Қазақстан Президенті.

Сол күні Назарбаев Түркістанды дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасын бекіту, сондай-ақ TURKISTAN арнайы экономикалық аймағын құру туралы жарлықтарға жария түрде қол қойған.


© akorda.kz

Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі тапсырма берген болатын. Осы орайда 2018 жылдың 29 желтоқсанында аталған кешенді жоспар бекітілген еді. 

Алайда, жұмыс барысында аталған жоспарда көптеген мәселелер қамтылмағаны анықталып, кешенді жоспарға өзгерістер енгізіп, қайта бекітілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазымындағы алғашқы сапары киелі Түркістаннан басталған еді. 

"Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түркістан - сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары. Қарап отырсаңыз, халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған, қол бастаған тұлғаларымыз да аса жауапты сәттерде, күрделі саяси шешімдер қабылдайтын уақыттарда Түркістанға тағзым ете барған. Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та осы киелі топыраққа жиі ат басын бұратынын білесіздер. Меніңше, мұның бірінші себебі - халқымыз үшін аса қастерлі саналатын мекенге тәу ету және ата-баба аруағына, аманатына деген құрмет болса, екінші себебі - Ұлы дала еліндегі кешегі, бүгінгі мемлекетшілдік дәстүрге, эволюциялық даму сабақтастығына деген адалдықта жатыр. Мұндай сакральды ұғым-түсінік пен дәстүрге адалдық тек өркениетті, өсіп-жетілген ұлттың ғана қолынан келеді деп ойлаймын", - деген еді Тоқаев БАҚ-қа берген сұхбатында Түркістан жайлы.


© akorda.kz

Ендігі жерде, оның айтуынша, мемлекет Жібек жолы бойында жатқан Түркістан қаласын, өңірін жаңартып-жаңғыртуды уақыт оздырмай қолға алуы керек.

"Оның үстіне, оңтүстік өңір - еліміздегі тұрғындар саны ең көп аймақ. Осы өңірді ұлтымыздың "демографиялық алтын дің­гегі" десек те жарасады. Ал адам капиталы біз сияқты жері кең, елі шағын мем­лекет үшін аса өзекті фактор екені айтпаса да түсінікті. Сапар барысында мен облыстың да­му жоспарымен, жалпы жағдайымен мұқият таныстым. Алда атқарылатын шаруалар бастан асады. Ол шаруалардың барлығын асықпай-аптықпай, жүйелі, кешенді түрде атқаруымыз өте маңызды", - деген еді Президент.


© akorda.kz

Бір жылда халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында облыста ауқымды жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері орташа есеппен 40 пайызға артып, 2019 жылы 103 464 мыңнан астам отбасы өтініш білдірген, оның 65 946-на атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Түркістан облысы бойынша жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, 2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойынша барлығы 1724 пәтер тапсырылған. Жыл қорытындысымен 50 тұрғын үй, яғни 2 613 пәтер пайдалануға берілген.

Ал биыл 7 нысан пайдалануға беріледі. Атап айтсақ, облыс әкімдігі, Астана алаңы, Медиа орталық, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, саябақ, музыкалық мектеп, халыққа қызмет көрсету орталығы.

Сондай-ақ экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленді. Соның бірі - Қасқасу туристік-рекреациялық кешені, "Ұлы Жібек - жолы" ұлттық қол өнер шеберлері орталығын" жасақтау, Шығыс базары.

Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, Түркістан қаласының идеологиялық негіздемесін қалыптастыру бойынша 4 бағыт айқындалған болатын. Олар: біріншіден, Түркістан - қазақ халқы мен түркі тілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығы. Екінші, Түркістан - әлемдік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығы. Үшінші, Түркістан - Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда орталығы. Төртінші, Қожа Ахмет Ясауи - рухани тұлға. Міне, осы 4 бағыт бойынша идеологиялық жұмыстар қолға алынады. Оның бірқатары Түркістан облысының 1 жылдығы аясында басталып та кетті.

Сондай-ақ облыстағы автомобиль жолдары мәселесіне де тоқталайық. Облыс әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, 2019 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 74,1 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Жаңадан құрылған облыс орталығында көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда: 15,2 шақырымға созылған "Жаңадан салынатын әуежайға баратын жол құрылысы", "Түркістан-Шәуілдір" автомобиль жолының 70 шақырымын қайта құру, 30 шақырымдық "Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы", Кентау қаласы жағынан кіретін Түркістан қаласына кіре беріс автомобиль жолын қайта құру, "Түркістан қаласында халықаралық жаңа әуежай салу", "Түркістан қаласында жаңа автовокзал салу".


© Мырзалиев Самат

Автомобиль жолдарын сөз еткенде Түркістан қаласында қатынайтын автобустар туралы айтпау мүмкін емес. Түркістан қаласындағы тұрақты бағыттарға 270 автобуспен (шағын автобуспен) 1 тасымалдаушы қызмет көрсетіп жатыр. Бұл автобустардың жартысына жуығы пайдалану мерзімі 12 жылдан асқан ескі автобустар. Әкімдік өкілдері бұл мәселені оңтайлы шешу үшін 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 16 жаңа автобус сатып алынғанын айтып отыр. Маусым айының соңына дейін тасымалдаушы мекеме тағы 10 жаңа автобус сатып алу жоспарланған.

Биыл облыста құны 2,9 миллиард теңге болатын 7 жоба іске асырылады екен, сондай-ақ 75 нысанды іске асыруға 3 миллиард теңге қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданған.


Амфитеатр


Медиаорталық


Музыкалық мектеп


Шығыс моншасы


Тұңғыш Президент саябағы

"Бұл аудан орталықтарын ретке келтіруге мүмкіндік береді және халықтың бос уақытын өткізетін орын пайда болады. Түркістан қаласы бойынша Арбат, желілік саябақ, Аттракциондар бағы, Тұңғыш Президент бағына ұқсас 4 ауқымды жобаның құрылысы басталды. Жалпы абаттандыру алаңы 100 гектардан аса аумақты алады. Облыс орталығын көгалдандыру болашақта қаладағы микроклиматқа оң әсер тигізетін болады", - дейді әкімдіктегілер.

Бүгінгі таңда құрылысы қарқынды жүріп жатқан Түркістанда 29 нысан салынады. Оның ішінде жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысанның құрылысы басталды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Tengrinews отмечает 14-летие
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная